Cоңғы жаңалықтар
Back

Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырған ғасыр жобасы

Тәуелсіздік жылдары елімізде ғасыр жобасы деген атауға лайық бiрнеше ірі жобалар іске қосылады. Солардың бірі – һәм бірегейі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі. Құрылыс жұмысы 2009 жылы басталған жол бүгінде Қазақстанның транзиттік әлеуетін әлемге паш етіп тұр.  Бұл жол бағзы заманда қазақ жерiн көктей өткен «Жібек жолын» кайта жаңғыртатыны айтпаса да түсінікті. Іргелі жобаның құны 825 млрд теңге деп бағаланған болатын.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі басталғанда Орталық Азиядағы көршiлерiмiз қызыға да, қызғана да қарағаны белгілі. Қазір күре жолға Кiндiк Азия мен Кавказ елдерiн айтпағанда, Еуропа елдерiнiн назары айрықша ауып отыр.

Дүниежүзiндегi iрi қаржы институттарының жол құрылысын қаржыландыруға бірден ықылас танытқанын айтуға тиіспіз. Әлемдiк бизнестiң алпауыттары мен банк басшылары «көрсе қызар» емес, «он ойланып, тоғыз толғанып» барып қана шешім кабалдайтыны белгілі.

Ел Үкіметі 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасын қабылдағанда, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізінің кұрылысына айрықша екпін берген еді.

Екi құрлықты қосатын көлік дәлiздiн салынатынына кейбiр адамдар сенбедi. Өйткенi кезiнде Кеңес өкiметi iрi құрылыстарды толық аяқтауға шамасы жетпеген еді. Мысалы, сол кездегi 15 одақтас республиканын аузынан жырып салган БАМ («Байкал – Амур» магистралi) ұзаққа созылып, Кеңес Одағын әбден шаршатты. «Чита – Хабаровск» автомагистралі де ұзақ жыл салығанынан білеміз. Себебі, мұндай үлкен инфрақұрылымдық жобаларды  қаржыландыруға империяның қауқары жетпеді. Арзан жұмысшылар, солдаттар мен еңбекпен түзеу колонияларындагы бас бостандығынан айрылғандарды, студенттер мен комсомол-жастарды жұмылдырса да шама келмеді.

Ал Қазақстан алып құрылысқа бел шеше кірiсiп, маңызды жобаны жүзеге асыруға дүниежүзіндегі жол құрылысын салу ісімен айналысатын компаниялар мен халықаралық даму институттарын тартып, еліміздің тарнзиттік әлеуетін арттыратын жолды 5 жылдың ішінде салып шықты.

Мега-жобаны қаржыландыруға әлемнін алпауыт бес қаржылық құрылымы қызығушылық танытып, ойланбастан қаржы құйды. Реті келгенде олардын атын атап, түсін түстеп кетсек. Олар – Дүниежүзiлiк банк, Еуропа Қайта куру және Даму банкі, Ислам Даму банкі, Азия және Жапония Даму банктері.

Дүниежүзілік алпауыт қаржы ұйымдары Қазақстан Орталық Азиядағы тұрақты даму жолына түскен ел екенін ескеріп, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлiк дәлiзiне жеңiлдетілген несие бөлдi.

Осылайша жаһандык каржы институты болып саналатын Дүниежүзілік банк 2 миллиард 150 миллион доллар көлемінде орасан зор қаржы құйды. Бiр елдiң бiр құрылысы үшiн осындай қаржы бөлу бұл банктiн тарихында болған емес.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің жалпы ұзындығы 8445 шақырымды құрайды. Онын ішінде, Қазақстан Республикасынан – 2787, Ресей Федерациясынан – 2233, Қытай Халық Республикасынан – 3425 шақырым жол өтеді. Дәліздің негізгі бағыттары мынадай «Петербор – Мәскеу – Нижний Новгород – Қазан – Орынбор – Ақтөбе – Ырғыз – Арал  Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас Үрімші – Ланьчжоу – Чженчжоу – Лянь –Юньган».

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлісін салуға 30 мыңға жуық адам жұмылдырылды.

Осылайша аталған дәліздің құрылысы шағын және орташа кәсiпкерлiктi дамытуда, халыктын әлеуметтiк жағдайын жақсартуға, қосалқы жұмыс орындарынын ашылуына, өңiрлердiң әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына септігін тигізіді. Сол кезде жұмысшыларға айына 1,5 млрд теңгеден астам айлық төленіп, 200-ден астам компаниялардан жергілікті ерлердің қазнасына ай сайын 300-400 млн теңге салық түсіп тұрды.

Мамандар ңасыр жобасының құрылысы аяқталғаннан кейін жол жүру уақытын қысқартудан 33,9 млрд теңге, жол-көлік апаттардын қысқаруынан 49,9 млн теңге, жол-көлік апаттарынан қаза болгандар санының азаюынан – 19,3 млрд теңге, автокөлік пайдаланудағы шығындардың қысқаруынан – 9,5 млрд теңге, жалпы өңірлік өнімнің өсуіне байланысты – 82,9 млрд теңгенi үнемдейтінін есептеп шыққан-ды.

Халықаралық көлік дәлiзі елiмiздегi туризм саласын дамытуға жаңа серпін бергені белгілі. Күре жолдың арқасында «Көксай» тау шаңғысы базасы, Түркістан, Отырар, «Қасқасу» таулы шаңгы курорты, «Байқоңыр», «Қорқыт- Ата», «Қамбаш», «Ғарыштык айлақ», «Киiз үйлi» отель, «GREENLAND» және «Ырғыз сарайынын керуені» туристік аймақтары аркылы өтiп, iшкi туризмiнiң аяқтан тұруына ықпал етті.

Жоба Қытай – Қазақстан (25 пайыз), Қытай – Орталық Азия (35 пайыз) және Қытай – Қазакстан – Ресей – Батыс Еуропа (40 пайыз) аралықтарында үш бағыт бойынша жүк тасымалын қамтуға мүмкіндік береді.