Cоңғы жаңалықтар
Back

«Жазықсыздарға араша бола алмадым». Қан қысымы көтерілген Жаманқұлов бейбіт шерушілердің тағдырына алаңдаулы

Қазақ театр өнерінің майталманы, Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов аурухана түсіп қалғанын шкікірті Асқар Наймантаев Фейсбуктағы парақшасында жазды, – деп хабарлайды Dalanews.kz

– Ұстазым Тұңғышбай Жаманқұлов ауыруханағы түсіп қалыпты. Желтоқсанда елмен бірге Әзербайжан Мәмбетов екеуі алаңға шығып, жастармен бірге таяқ жеген ғой. Мына дүрбелең басталған күні көшедегі жастарды уайымдап, жанталасып, қан қысымы көтеріліп, тұра алмай қалыпты.

Әкімшілік «аға, алаңға, елдің алдына шығып, сөйлесіп көріңізші» деп өтінген екен, «әлсіреп, тұра алмай қалдым, әттең, баруым керек еді!» депті ағамыз.

Ол күндері жедел жәрдем де келмей қалды ғой. Әйтеуір көрші дәрігер табылып, барымен емдеп, ілде-алда қылыпты. Интернет қосылғанда неше түрлі ақпарат көріп, «мына жазықсыздарға араша бола алмадым» деп ол қан қысымын қайта-қайта көтерідген.

Ағамыз жан-тәнімен халықпен бірге! Жазықсыз жастардың тілеуін тілеп отыр.

Ұстазымның атынан Сіздерге музыкалық сәлем жолдайын.

Тағы оқыңыз:

 

Назарбаевтың қоры «Қазақстан халқына» қорына 500 миллион теңге бөлді