Back
| DalaNews

Жұрт зейнетақы қорындағы қаржысымен қалай емделеді?

Емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидалары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 2 қаңтардағы Заңды іске асыру үшін әзірленді.

Аталған тәртіп жария талқылау үшін ашық НҚА порталында орналастырылды, құрамына денсаулық сақтау басқармалары және мүдделі мемлекеттік органдар кіретін жұмыс тобымен талқыланды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан өтті, «Атамекен» ҰКП, аккредиттелген ұйымдармен, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен келісілді.

«2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін қажетті Үкіметтің нормативтік актілерінің тізбесі»  2021 жылғы 30 қаңтардағы № 12-ө өкіміне сәйкес осы бұйрықты қабылдау мерзімі 2021 жылғы наурызда. Бұйрық 2021 жылғы 15 ақпанда мерзімінен бұрын бекітіліп, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 17 ақпанда тіркелді.

Біржолғы зейнетақы төлемдерін емделуге пайдалану ел азаматтарының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі есебінен жабылмайтын медициналық қызметтерді қосымша алуға мүмкіндік береді.

Біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен төленетін медициналық қызметтер тізбесіне:

– орфандық ауруларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, емдеу, сондай-ақ емдеу тактикасын айқындау үшін диагностикалық зерттеулер;

– Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан медициналық ұйымдарда көрсетілетін стоматологиялық қызметтер (тісті протездеу, имплантация;

– операциядан кейінгі тыртықтар мен туа біткен ақауларды, сондай-ақ мастэктомиядан кейін түзету мақсатында реконструктивті және қалпына келтіру операциялары (пластикалық)

– радионуклидтік және радиойодтерапия

– радиохирургиялық емдеу

– протон терапиясы

– офтальмологиялық қызметтер.

Медициналық қызметтердің осы тізбесі халықтың қажеттілігін ескере отырып қайта қаралуы мүмкін.

Емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану үшін өтініш беруші БЖЗҚ-дан біржолғы зейнетақы төлемінің қолжетімді сомасы туралы ақпаратты, оның ішінде БЖЗҚ-ның интернет-ресурсы арқылы өз бетінше алуы қажет.

Содан кейін жоғарыда көрсетілген тізбеге сәйкес жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және бейінді маманның қорытындысын қоса бере отырып, біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен емделуге жіберу туралы қорытындыны алу үшін тіркелген жері бойынша емхананың дәрігерлік-консультациялық комиссиясына жүгінуге құқығы бар.

Дәрігерлік-консультациялық комиссия өтініш беруші өтініш берген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей шешім қабылдайды.

Дәрігерлік-консультативтік комиссия шешімді азамат өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей қабылдайды. Қорытындыны алғаннан кейін өтініш беруші шетелдік ұйымды (стоматологиялық қызметтерді қоспағанда) қоса алғанда, медициналық ұйымды таңдауы тиіс, онымен шарттың сканерленген нұсқасын әрі қарай тіркей отырып және уәкілетті оператордың интернет-ресурсындағы (Отбасы банк) өзінің жеке кабинетінде дәрігерлік комиссия жасасумен медициналық қызметтер көрсету туралы шарт жасасады.

Уәкілетті оператор (Отбасы банк) алушы ұсынған құжаттар біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы мақсатына сәйкес келген кезде алушыдан құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде біржолғы зейнетақы төлемдерін олардың нысаналы мақсаты бойынша аударады.

Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«Емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 15 ақпандағы № ҚР ДСМ-18 бұйрығы жақында  ресми жарияланады деп күтіледі.

Тағы оқыңыз:

Жер алуға да болады. Зейнетақыны мерзімінен бұрын алу қағидалары