Back

Дамудың даңғыл жолына түскен өнер ұжымы

«Қала мен Дала» газетінде жарық көрген «Мейрамбек филармонияны, Тоқтар Республика сарайын басқаруға лайық» деген мақаламыз әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қалың оқырманның назарын аударды. Біздер бұл мақаланы жазу барысындағы мақсатымыз өнердің биігіне көтерілген қос әнші – Мейрамбек Беспаев пен Тоқтар Серіковтың төл мәдениетімізді өркендетуге барынша үлес қосуға үндеу болатын.

Осы ретте біздер мақала барысында айтылған Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы басшылығы мен ондағы 400-ден астам өнер иелеріне олардың жылдар бойы атқарған жұмысын жоққа шығарайық деген ойымыз болмағанын айтқымыз келеді. Сондықтан өнер ұжымының қызметкерлерінен тақырыпта кеткен ағаттық үшін кешірім өтінеміз.

Өнер ордасының ұйытқы болуымен «Жетісу ақындарының мектебінің» көшбасшысы Сүйінбай Аронұлының 200 жылдық мерейтойына орай филармония алдында сәулетті ескерткіш тұрғызылып, көптеген жұмыстардың атқарылғанын білеміз.

Еліміздегі кейбір өнер ұжымдары қызметкерлерін қысқартуға жіберіп жатқанда филармония әкімшілігі ҚР Мәдениет министрлігінің алдына қойған жұмыс жоспарын 170 пайызға асыра орындап, іргелі ұжым екенін іс жүзінде дәлелдеді.

Сол себепті оқырмандарымыздан жоғарыдағы мақала мен филармония арасынан қандайда бір байланыс іздемеуін өтінеміз.

«Қала мен Дала» газеті редакциясы.