Cоңғы жаңалықтар
Back

Телеарна сайқымазақты заманның жұлдызына айналдыруда

Тағы да телеарналар туралы айтуға тура келіп тұр. Ауыз қышығандықтан емес, жастардың санасына, мектеп тәрбиесіне қатысты болғандығы үшін. Осыдан біраз бұрын «Қазақстан» Ұлттық арнасынан «Екі жұлдыз» деген бағдарлама көрсетті. Оның өту барысын, сапасы мен мәнін айтпай-ақ қоялық. Кезінде журналистердің біраз әңгімесіне тұздық болғаны анық. Құрығанда, сол бағдарламаның әсерінен мектеп-мектептерде «Екі жұлдыз» байқауы өтетін дағды пайда болыпты.

 

Алдымен мектептерде, сосын аудан, одан әрі аймақ көлемінде «жас ғашықтардың» «жарасымды» жұбын насихаттау қолға алыныпты. Сондағы мақсаттары біреу екен – сұлу, сымбатты қыздар мен олардың сұлтандарын көпке үлгі ету. Сонымен олар не істейді дейсіздер ғой, өзара билейді, ән айтады, қысқасы, шоу көрсетеді. Біріне бірі ынтыққан сезіммен ғашықтық хаттарын оқиды. Бұл жайлы Алматы облысы Іле ауданына қарасты бір мектепте ұстаздық ететін досымыз айтты. 3-4 сыныптағы бозбаланың өзінің «жұбына» үлкендердің жұбайына айтар сөзін жеткізетінін әңгімелеп, оған бүкіл мектеп ұжымы қырыла күлетінін, риясыз мәз болатынын қынжыла жеткізді. «Жаным, – дейді әлі мұрт тебіндемеген бозбала сөзін үзіп-жұлып, – сені ұнатам, екеуміз бір болайықшы…». Тура әлгі бір үзбей көрсетілетін батыстың көбік сериалдары дерсіз. «…Бірге болайықшыны» естіп бүкіл көрермендер қыран-топан күледі екен. Міне, тәрбие. Жастарды инновациялық деңгейге көтерген түрлері. Ол ол ма, енді бірде жарыстың ережесі бойынша олар билеуі керек. Билегенде де газеттің үстінде билеуге тиіс. Мұны естіп жағамызды ұстадық. «Қалай?» дейміз. Досымыз айтады: «Алдымен газетті түгел жаяды да жұптарды сол газеттің үстіне шығарып, батыстың даңғазасын қояды. Ана екеуі бір-бірінен көз алмай, еміне түсіп, биге басады. Даңғаза әуенге еліткен жұрт ортадағылардың қимылынан көз алмай, бақылайды.

Олар төрт-бес жұптың биін бақылап, баға қояды. Енді екінші айналым басталмақ. Шарты бұрынғыдай, тек газетті екі бүктеуі керек. Жұптар сол газеттен шықпай, әрі бірін бірі құшақтай түсіп, билей жөнеледі. Одан кейін газетті тағы да бүктейді. Бұл жолы қысыла-қымтырыла, төстерін төстері тиіп, билейді. Егер газеттен аяқтары сәл шығып кетсе, онда келесі айналымға өте алмайды. Сол үшін оларда барын салып, өнерлерін көрсете түседі. Мына қызықты қараңыз, егер билеу барысында шарттарды орындамаса, музыканың ритмінен сәл қалып қойсаңыз, еңкейіп, шалқайып, жөнді өнер көрсете алмасаңыз, бітті, онда ойыннан шеттетілесіз. Ал соңғы айналымда газетіңді әлденеше рет бүктеліп, мылжа-мылжа боп жерде жатады. Бұл айналымға бидің «көкесін көзіне» көрсеткен жұптар ғана жетеді. Бұл кезде бір-бірін құшақтамақ түгілі, екі оқушы бір денеге айналып үлгереді. Қызыл шүмек су болып, «жеңісті» межеге таяйды…». Не демек керек? Ары қарайғысы түсінікті ғой. Мықтының мықтысын анықтап, оларға алғыс айтып, басқа жұптарға осылардай болуы тапсырып, жеңіске жеткендерге мақтау қағазын ұсынып, «мектептің үлгілі оқушысы» деген атақ беріп, «біздің мақтанышымыз» деген бұрышқа суреттерін іліп қояры мұнда тұрған іс. Ұлттық арнаның қоғамдағы орнының қаншалықты деңгейде екенін енді сіздер де біліп отырған шығарсыздар. Ал ондай жарысты өткізуге кім рұқсат берді, сондай жарыс өткізуді кім ойлап тапты? Сонымен, мектептің тәрбиесіне нендей жаңалық әкелгісі келді екен? Сұрақты осы тұрғыдан қойғанымызбен, жауапсыз қалары тағы анық. Бір білеріміз, сақалын бояғандардың кесірінен, «жұлдыздық аурудың» мектепке дейін дендеп енгендігі. Сақалын боямай немене, о заманда бұ заман, мектеп баласын газетте билетуші ме еді?

Ал соңғы айналымда газетіңді әлденеше рет бүктеліп, мылжа-мылжа боп жерде жатады. Бұл айналымға бидің «көкесін көзіне» көрсеткен жұптар ғана жетеді. Бұл кезде бір-бірін құшақтамақ түгілі, екі оқушы бір денеге айналып үлгереді. Қызыл шүмек су болып, «жеңісті» межеге таяйды…». Не демек керек? Ары қарайғысы түсінікті ғой. Мықтының мықтысын анықтап, оларға алғыс айтып, басқа жұптарға осылардай болуы тапсырып, жеңіске жеткендерге мақтау қағазын ұсынып, «мектептің үлгілі оқушысы» деген атақ беріп, «біздің мақтанышымыз» деген бұрышқа суреттерін іліп қояры мұнда тұрған іс. Ұлттық арнаның қоғамдағы орнының қаншалықты деңгейде екенін енді сіздер де біліп отырған шығарсыздар.

Біріншіден, газет – ұлттың ары мен намысы, ұжданы, ойы болса керек-ті. Екіншіден, мектепте бұлай «тәрбие» беру жасөспірімдердің ерте бастан бұзылуына, жыныстық қатынасты кәдімгі өмір деп түсініп, түрлі пәлеге ұрынуына жол ашу екенін ішіміз сезеді. Сезе тұра, селт етпейміз. Жоғарыдан келген нұсқауды «асыра орындайтын» әдетіміз бар. Қазір түсік жасататындардың көбі 14 пен 18 жас аралығындағы өрімдей қыздар екенін айтып, дабыл қағушылар көп. «Бірге болайықшы, сені сүйем, ұнатам…» деген сөздерді бесіктен белі шықпай айтуды ғадет қылғандар, ес кіре бастағанда не істері түсінікті ғой.

Онсызда түрік, корей және Батыс фильмдерінен неше түрлі сорақылықты көріп өскен ұрпақ, мектептегі мына жағдайдан соң, ештеңеден именбейтін «еркін» ұрпақ болары даусыз ғой.

Қазақ телеарналары көрсеткен «өнегенің» сыры мен шыны мұнымен бітпейді. Қазір мектеп жаргондарының дені бұрын «КТК», «НТК» секілді арналардан бастау алып, бірте-бірте ұлттық арнаға жеткен «КВН»-шиктердің ауыздарынан шыққан «хит» сөздерден құралады. «Құлағыма лапша ілмеші», «Сен битсей…», «өзіңе көп алмасай..» деп келетін ойын-сауық театрларының арзан күлкілерін аттап өтіп, ана сайқымазақтардың мән-мағынасыз ыржыңдарына көшкен. «Бір ұрып құлатайын ба?», «Дем аламай тұрсың ба?», «қазақтар құсамашы…» дейтін «күлкілі» тіркестерін аузынан тастамайды. Мектепте жүргеннен бастап КВН жарыстарына қатысады. Олар үшін оқу бірінші орында емес, жарысқа қатысып, жүлде алу, сөйтіп мектептің «авторитеті» болу маңызды. Сабақтан кешіксе, оның жарысқа дайындалып жатқаны ескеріліп, бағалары көтеріледі. Бәрі телеарнадан көрінуге, елдің еркесі атануға үмітті. Ал біздің телеарна басшылары болса, сайқымазақтарды заманның жұлдыздары қылуға барын салуда. Апта сайын кештерін көрсетіп, жер-жерден келгендерді арнайы таныстырып, «КВН»-шиктердің арнайы күнтізбесін, «хит» әзілдерін ұсынып, мәре-сәре.

Ержан ҚАМАЛБЕК