Орталық Азия. Әйелдерді күштеп лаңкестік топқа тартуға қалай тосқауыл қоюға болады?

Dalanews 30 шіл. 2019 17:38 267

Бүгінде әйел азаматтарды лаңкестікке күштеп тарту мәселесі бірқатар елдерді өзекті мәселе болып тұр. Айталық, 2017 жылы БҰҰ-ның мамандары бұл мәселе жайынды терең зерттеу жұмыстарын жүргізіп, оның қорытындысын жариялаған болатын. Сол кезде Орталық Азия елдері арасында нәзік жандыларды лаңкестікке күштеп тарту әрекеті Қырғызстан мен Тәжікстанда көп кездесетіні байқалған-ды.  

БҰҰ мамандарының зерттеу нәтижесі көрсеткендей, көп жағдада әйелдер жұбайларының соңынан еріп, лаңкестік топқа мүше болып, қандайда бір іс әрекеттерге мәжбүрлі түрде баратыны мәлім болды. Бұдан басқа кейбір экстримистік топтар сауаты кем нәзік жандар алдап, арбап қармақтарына түсіретіні де жасырын емес.

Осы ретте лаңкестік әрекеттер жиі кездесетін елдерде әйелдерді күштеп лаңкестікке тарту ісін алдын алуға қатысты түсіндіру жұмыстары мүлде жүргізілмейтіні белгілі. Бұл да өз кезегінде әйелдерді лаңкестікке күштеп тарту ісінің етек алуына негіз болуда.

Зерттеушілер сонымен қатар әйелдерді лаңкестікке тарту ісі Еуропа мен Орталық Азияның ұлттық және ксенофобиялық ұйымдарының арасында да кездесіп қалатынын алға тартқан.

Сонымен қатар бұл мәселені жете зерттеген БҰҰ мамандары әйелдерді лаңкестікке күштеп тарту қандайда бір дін мен ұлтқа қатысы жоқ екенін анықтады. Сол себепті бұл құбылысты халықаралық қауіпсіздік мәселесі деп қарастырған жөн.

БҰҰ мамандары тартақан мәліметтеріне назар аударсақ, Ислам мемлекеті лаңкестік ұйымының сойылын соғу үшін Орталық Азия елдерінен 4000 астам дін үшін соғысқа аттанған. Айталық, 2010-2016 жылы Қырғызстаннан Сирия мен Иракқа кеткендердің саны 863 адамды құраса, оның 188-ін (23,8%) нәзік жандылар болған.

Ал Тәжікстанның ресми орындары 2012-2016 жылдары 1094 адам Ислам мемлекеті лаңкестік ұйымының құрамана қосылса, олардың қатарында 125-тен 200-ге дейін әйел болғанын мәлімдеді.

Зерттеушілер Орталық Азия елдерінде әйелдердің лаңкестік топтардың қатарына қосылуына негізінен олардың ер азаматтарының айтқанынан шыға алмауы себеп болатынын атап көрсеткен.

Мәселен тәжік әйелдерді әңгімеге тартқанда олардың біршамасы о баста жұбайларының Түркияда «жұмыс істейміз» деген сөздеріне сеніп қалғандарын айтыпты. Десек де, әйелдердің көпшілігі сырт елдерге аттанып бара жатқанда нендей мақсатпен кетіп бара жатқандарын білген. Әйелдердің көпшілігі осылайша отбасын сақтап қалу үшін бастарын бәйгеге тіккендерін байқауға болады.

Лаңкестік топтардың қатарына мүше болған қырғыз елінің нәзік жандылары да отбасын сақтау үшін көзді жұмып күйеулерінің соңынан ергендерін мойындапты. Осы жайттарды сараптағанда, Орталық Азия елдерінде әйелдердің лаңкесттік әрекеттерге тарту ісі олардың қалауынсыз орын алғанын байқаймыз.

Қалай десекте бірін-саран әйелдер өз бетінше лаңкестік ұйымға мүше болып, соңынан өзге әйелдерді Ислам мемлекеті лаңкестік ұйымының қатарына тартуға күш салған оқиғалары да кездескенін айта кетуіміз керек.

Атап айтсақ, Қырғызстандағы жағдайды зерттегенде мамандар лаңкестік ұйымдардың өз қатарларын толықтыру үшін әйелдердің кеңінен пайдаланғанын кө жеткізген. Лаңкестің арбауына түскен әйелдер WhatsApp әлеуметтік желісін пайдаланып, өзге әйелдерді қармаққа түсіруге тырысқан.

Тәжікстанда кейбір ата-аналар келін, балаларының отбасымен Таяу Шығысқа аттанғанда, балалары ол жақта жұмыс істеп, үйлеріне ақша салатын болды деп қуғанса керек. Осылайша, орталықтан шет жатқан елдімекен тұрғындары Сирия мен Иракта қандай жағдай болып жатқанынан бейхабар болған.

Ал Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы бір егеде әйел Сирияаға аттанғанда әр баласы үшін 3000 доллар алғанына мәз болған. Кейіннен ол бөтен елге кеткен 9 баласынан жасөспірім немересімен ғана қауыпшып, қайғыдан қан жұтып, опық жепті.

Зерттеуде лаңкестікке күштеп тартылған әйелдерге мемлекет тарапынан қолдау керек екені айтылған. Бұл ретте Тәжікстандағы Әйелдер ісі мен отбасы мәселесі жөніндегі мемлекеттік комитет ел аумағында әйелдерді лаңкестік топтарға күштеп тарту ісіне тосқауыл қою үшін 110 ақпараттық-кеңес беру орталықтарын құрған.

Өз кезегінде әйелдер аталған орталықтарға жұбайларын лаңкестік топтары арбап жүргенін хабарлап, істің алдын алған оқиғалары да кездескен. Бұдан басқа күйеулері күштеп Сирияға алып кетуге әрекеттенгенде әйелдері аталған орталықтарға бар шындықты айтып, қан-төгіс болып жатқан елге кетіп қалудан аман қалыпты.

Ал бір кейуана жалғыз қызы сөз байласып жүрген жігітінің арбауына түсіп, Сирияға аттанбақшы болған сәтінде анасы орталықтың қызметіне жүгініп, қызын қауіпті жолдан сақтап қалыпты.

Ал Қырғызстанда жергілікті ұйымдар деңгейінде жұмыс істейтін топтар әйелдерді күштеп лаңкестікке тарту ісін алдын алу ісімен бесленді түрде айналысып келеді. Олар әйелдер арасында экстримизмнің қоғам үшін қауіпті екені жайында үзбей үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп келеді. Сондай-ақ, Қырғызстанда сенім телефондарының жұмыс қарқынды дымығанын атап айтап өткен жөн. Осы сенім тедефонының арқасында талай отбасының шаңырағы шайқалмай қалған.

Осылайша Қырғызстан мен Тәжікстанда әйелдерді күтеп лаңкестікке тарту ісінің жолын кесу бағытында бірқатар жұмыстар қолға алынып, өз нәтижесін бере бастады.

Ляйля БОЛТАЕВ


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x