Мәжілісте Жер қойнауы туралы кодекс жобасы мақұлданды

Dalanews 10 қар. 2017 12:35 234

Апта басында Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Палата бірқатар заң жобаларын жұмысқа алып, Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекс жобасын ілеспе түзетулерімен, сондай-ақ, Ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.


Отырыста Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексінің жобасын ілеспе түзетулерімен  Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек баяндады.
Министрдің мәлімдеуінше,  кодекс жобасы – жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысында кездесетін кедергілерді жойып, саланың құқықтық базасын жетілдіруге, халықаралық стандарттарға өтуге және инвестициялық климатты жақсартып, салаға тікелей шетелдік инвестициялар тартуға бағытталған. Бүгінгі таңда 104 елдің ішінде Қазақстан геология саласын мемлекеттік реттеу бойынша тек 74-ші орында тұр. Ал жер қойнауының геологиялық тартымдылығы жағынан 45-ші орында. Бұл реформа әлемде болып жатқан дағдарыс пен оның салдарынан инвестор тартуға байланысты бәсекелестіктің артуынан туындап отыр.
Ұлт жоспары бағдарламасының қадамдарын іске асыру мақсатында әзірленген осы кодекс жобасы бойынша депутаттардан, тұрақты Комитеттерден және Мәжілістің заңнама бөлімінен келіп түскен 600-ден астам ескертулер мен ұсыныстар қаралып, талқыланған.

Жер қойнауын ойдағыдай игеру туралы бұған дейін жоғары билікте бірнеше мәрте сөз болып, заңды кемелдендіру туралы ұсыныс-пікірлер айтылған болатын. Жаңа заң жобасы еліміз жерін тиімді пайдалануды, инвестор тартып, жұмыс орындарын ашуды, жер қойнауынан алынатын түрлі кендер мен шикізаттарды өңдеуді қолға алуға мүмкіндік туғызады деп отыр.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x