ЭКСПО көрмесіне келушілердің саны рекордқа жетті

Dalanews 08 қыр. 2017 05:30 386

3 қыркүйек күні ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалаушылардың рекордтық деңгейге жетіп, бір күнде көрмені көруге келген халықтың саны 75 мың адамды құраған. Дәл осы күні Астанада өткен Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында маңызды гала-концерт өткенін айта кетуіміз керек.



Елордада 29 сәуір мен 3 қыркүйек аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында халықаралық ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесіне келушілер саны рекордтық деңгейге жеткенін көрмені ұйымдастырушылар мәлімдеді. Осы күндері көрмені тамашалауға 398 341 адам келген. Орта есеппен алғанда күніне 56 905 адам келгенін байқаймыз.

Дәл осы күні ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің амфитеатрында Оңтүстік Қазақстан облысынан шыққан эстрада жұлдыздарының «Ән мен күй әлдилейді Астананы» атты гала-концерті өткен болатын.

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет күндері аясында өткен гала-концертке Қайрат Нұртас, Жұбаныш Жексенұлы, Алтынай Жорабаева, Нұрлан Өнербаев, Заттыбек Көпбосынұлы, Маржан Арапбаева, Ибрагим Ескендір, А.Жайлаубаева сынды елімізге танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, жиналған жұрттың құлақ құрышын қандырған болатын.

Айта кетейік, Астанадағы Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында бірқатар ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылғаны белгілі. Олардың арасында бизнес-форум, тауар өндірушілер мен ауылшаруашылығы жәрмеңкесі де бар. Сондай-ақ Оңтүстік халқы Астана тұрғындарын қайталанбас концерттік бағдарламаларымен, ұлттық ат спорт ойындары жарысымен қуантты. Сонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтарына Құрбан айтта дастархан жайып, 300 келі палау пісіріп, таратты. Диқандары 40 тонна қауын-қарбыз әкеліп, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен балалар үйіне тегін таратып бергенін айта кетуіміз керек.

Жалпы ЭКСПО-2017 көрмесі ашылғалы бері 10 маусымнен 3 қыркүйекке дейін Астанаға келіп, көрмені тамашалаушылар саны  3 миллион 525 мың 300 адамға жеткен.

 

«ҚмД» ақпарат

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
ТЕЛЕ2 - БАСТЫҚ1
22 сәу. 2024 18:05
x