Мәсімов жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұл төледі (фото)

Dalanews 01 там. 2016 02:48 240

Кәрім Мәсімов Инстаграмға айыппұл төлеуге тура келген велосипедтегі фотосын, сондай-ақ айыппұл төлегені туралы түбіртегін жариялады.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Инстаграмға өзі студент кезінде құрылыс отрядында жұмыс істеген Ақмола облысы Шортанды ауданы Бозайғыр ауылы маңында (Күлшім бөлімшесіне барар жол) велосипедпен келе жатқан фотосын жүктеді.

Сонымен қатар Премьер-Министр велосипедпен автомагистральдарда жүруге тыйым салынғандықтан, ҚР ЖКҚ-на сәйкес айыппұл төлегенін атап өтті.

«Заңдар мен ережелер баршаға ортақ. Велосипедтегі Премьер үшін де», – деп жазды Кәрім Мәсімов.

 

[caption id="attachment_18414" align="aligncenter" width="1313"]dalanews karim_masimov shtraf Кәрім Мәсімовтің жол ережесін бұзғаны үшін төлеген айыппұлының түбіртегі[/caption]

Дереккөзі: baq.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x