Шығыста Ә. Найманбайұлы атындағы дәстүрлі орындаушылар байқауы басталды

Dalanews 29 шіл. 2016 16:02 282

Шығыс Қазақстан облысында Әсет Найманбайұлы  атындағы «Інжу-маржан» ІІІ - республикалық дәстүрлі орындаушылар байқауы басталды. Бүкіл елден жиналған жезтаңдай әншілер Үржар ауданында бақ сынауда.

Ұлы әнші, сазгердің шығармашылығын кеңінен насихаттау, ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына таралуына ықпал ету мақсатында өткізіліп отырған тәрбиелік мәні зор байқау Шығыс Қазақстан әкімдігі қолауымен, облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Бұл жолы бақ сынауға 20 шақты орындаушы келген. Ал, байқауға Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жарқын Шәкәрім, елімізге танымал өнер қайраткерлері Ерлан Рысқали, Берік Омаров, Әділ Тұрғанбаев, Гүлмира Темірбековалар төрелік етеді.

Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қатысушылар таңдауы бойынша Әсет әндерінен бір ән, халық композиторларының шығармашылығынан бір ән орындайды.  Екінші кезеңде Ә. Найманбайұлының «Інжу-маржан», «Қаракөз», «Қоңырқаз», «Қысмет» әндерінің бірін орындауы орындалуы шарт. 30 тамызда  елімізге танымал өнер майталмандарының қатысуымен гала-концерт өтеді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x