Ә. Найманбайұлы атындағы ІІІ - республикалық байқау өтеді

Dalanews 22 шіл. 2016 12:45 464

Әсет Найманбайұлы атындағы «Інжу - Маржан» дәстүрлі әншілер байқауының өткізілетін мерзімі белгілі болды.  ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының хабарлауынша, ІІІ - республикалық байқау 29-30 шілде аралығында Шығыс Қазақстанның, Үржар  ауданы,  Мақаншы ауылында өткізілмек.

«Қасиетті ұлы дала үнінен қуат алып, эпикалық хисса – дастандармен, әсем әндерімен  тыңдарман жұртына шуақ берген, халық арасынан шыққан асқан дарын иесі, ақын, әнші әрі сазгер Әсет Найманбайұлының шығармашылығы ұлттық музыка өнеріндегі қайталанбас дара құбылыс. Осы киелі мұраны кеңінен насихаттап, ұрпақтан – ұрпаққа жеткізу, талантты жастарды өнердің кәусар бұлағынан нәр алғызып,  шеберлігін шыңдауға ықпал ету мақсатында  ШҚО әкімшілігі (Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы) дәстүрлі орындаушылардың Әсет Найманбайұлы  атындағы ІІІ - республикалық байқауын өткізеді. Байқаудың негізгі міндеті:  ұлы әнші, сазгердің шығармашылығын кеңінен насихаттау ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына таралуына ықпал ету болып табылады.» делінген басқарма таратқан баспасөз хабарламасында.

Естеріңізге сала кетсек, бұрындары өткен бұл байқауға тек Қазақстанның дәстүрлі ән мектебінің өкілдері ғана емес, көршілес жатқан шет елдерден де қатысушылар келген. Байқаудың гала-концерті Қазақстан Респибликасына аты танымал өнер жұлдыздарының қатысуымен өтетін. Биылғы байқаудың ерекшелігін шілде айының соңында білетін боламыз. Ал әзірге, Әсет Найманбаев атындағы дәстүрлі орындаушылар байқауы  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жарқын Шәкәрім және өнер майталмандарының  қазылығымен өтетіні мәлім.

 

"ҚмД" ақпарат

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x