"Жайық жастарына" медициналық қызметкерлер, мұғалімдер, мемлекеттік қалалық және республикалық мәдени ұйымдардың бейінді қызметкерлері, спортшылар мен жаттықтырушы – оқытушылар, коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, ЖАО қызметкерлері қатыса алады.
Қатысушылардың жасы – 21 жастан 35 жасқа дейін (қоса алғанда).
Бағдарламаға қатысушылар мен олардың отбасы мүшелерінің Орал қаласында тұрақты тіркеуі болуы тиіс.
Кредит бойынша мөлшерлеме – жылдық 5% (ЖТСМ 5,2%). Қарыздың ең жоғары сомасы – 15 млн теңге. Бастапқы жарна - кемінде 10%. Қарыз 19 жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Бағдарлама аясында тұрғын үйді алғашқы және екінші нарықтардан сатып алуға болады. Сондай-ақ, нысанда "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ кепілдігі болған жағдайда, пайдалануға берілген немесе салынып жатқан үйден пәтер сатып алуға болады.
Өтінімдерді қабылдауды және әлеуетті қатысушыларды іріктеуді БҚО Қоғамдық даму басқармасы келесі мекенжай бойынша жүргізеді: Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 188 (БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық ғимараты). Өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 18 қаңтарында сағат 10.00 басталады.
Жеңілдетілген несиелеуге үміткерлер пулына көп ұпай жинаған үміткерлер өтеді. Ұпайларға некедегі жылдар саны, балалардың болуы, жұмыс өтілі, кәсібі, әлеуметтік осал санаттарға жатуы және т. б. әсер етеді.
Қатысушылардың тізімі қалыптасқан кезде олардың барлығы Отбасы банкіне кредит алуға жолдама алады. Онда төлем қабілеттілігі тексерілген бағдарламаға қатысушыларына заем беріледі.
Анықтама: 2017 жылдан бастап Отбасы банкінде еліміз бойынша Республикалық маңызы бар 2 қалада (Астана, Алматы қалаларында) және 13 облыста (Абай облысы, Ақтөбе облысы, Алматы облысы, Атырау облысы, Жамбыл облысы, Жетісу облысы, Батыс Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Ұлытау облысы, Қостанай облысы, Қызылорда облысы, Маңғыстау облысы, Павлодар облысы) - 21 жастар бағдарламасы жұмыс істеп тұр. Бүгінгі таңда өңірлік әкімдіктер мен Отбасы банкінің жастарды несиелендірудегі жалпы бюджеті 98 млрд теңгеден асады. Соның арқасында 5500-ден астам жас қазақстандықтар қоныс тойын атап өтті. 2024 жылы Қазақстанда жастардың тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру жалғасады. Олардың бюджеті шамамен 50 млрд теңгені құрайды деп күтілуде.