Home Credit Bank шағын және орта бизнеске арналған цифрлық банкті іске қосты

Dalanews 26 шіл. 2023 10:12 386

Бүгін Home Credit Bank шағын және орта бизнеске арналған цифрлық банк таныстырылымын өткізді.


Жаңа сервис қазақстандық кәсіпкерлер үшін күнделікті қаржылық операцияларды жүргізуді жеңілдетеді.

«ШОБ үшін цифрлық банкті құру – Home Credit Bank тарихындағы жаңа кезең. 18 жыл ішінде біз Қазақстандағы бөлшек сауда нарығында танымал болдық. Енд қызметтерімізді шағын және орта бизнеске бағыттайтын кез келді. Біз кәсіпкерлердің қаржылық қызмет бөлігінде өмірін қалай жеңілдетуге болатынын білеміз, өйткені біз олардың негізгі қажеттіліктерін, қиындықтары мен үміттерін түсінеміз. HCB Business кәсіпкерлерге өз бизнесін жүргізуді жеңілдетеді, сондықтан олар біздің цифрлық банкімізді бағалайды деген сенімдеміз», - деді Home Credit Bank Басқарма төрағасы Кирил Бачваров.



 

HCB business мобильді қосымшасындағы барлық операциялар үшін комиссиясыз болады, ал кәсіпкерлер оны тамыз айында Play Market және AppStore дүкендерінен жүктей алады.


Home Credit Bank жаңа сервис банкке ШОБ нарығындағы көшбасшылар үштігіне кіруге мүмкіндік береді деп жоспарлап отыр. Платформаның кәсіпкерлердің сұраныстары бойынша жасалып, интерфейстің ыңғайлылығымен ерекшеленеді, сол себепті банкирлер оған зор үміт артуда.



«Қаңтар айында біз жобаны жарияладық. Шілде айында біз оны іске қосамыз. Осындай қысқа мерзім ішінде – 6 айда - біз Қазақстанда ШОБ үшін ең қолайлы цифрлық банк жасадық. Бұл бүкіл ТМД аумағында қысқа мерзімде осындай кеңейтілген функционалдығы бар мобильді қосымшаны іске асырудың бірегей мысалы. Біз жеке тұлғаларға арналған қосымшаның барлық мүмкіндіктерін кәсіпкерлерге арналған қосымшаға көшірдік. Осылайша біз бизнесті сүйемелдеумен байланысты функциялардың бір бөлігін қамтыдық, өйткені барлық шешімдер тек кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне негізделген. Сервис бизнеске қызмет көрсететін немесе тауарларды сататын b2b клиенттеріне де, жеке тұлғалармен тікелей жұмыс істейтін b2c кәсіпкерлері үшін ыңғайлы болады. Қазірдің өзінде қосымшада Home Credit Bank клиенттері болып табылмайтын клиенттерге тауарлар мен қызметтерді бөліп төлеуге сатуға мүмкіндік беретін функция бар. Бұл сатып алушыларға еркіндік беріп, кәсіпкерлерге өздерінің клиенттік базасын кеңейтуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті «Home Credit Bank» АҚ ШОБ блогының басшысы Дамир Какиев.


Қазақстанда цифрлық сервистер GovTech-тің дамуы, қолма-қол ақшасыз төлемдердің өсуі және түрлі мемлекеттік базалармен бірлесу мүмкіндігінің арқасында белсенді дамуда. Бұл банк клиенттеріне қаржылық мәселелердің көпшілігін оңай және ыңғайлы түрде шешуге мүмкіндік береді. Бұл ретте кәсіпкерлердің өздері қаржы институттарынан цифрлық шешімдерді күтуде. Жобаны іске қосу қарсаңында жүргізілген зерттеу кәсіпкерлер тарапынан сапалы Digital сервистерге сұраныс айтарлықтай жоғары екенін көрсетті.
Шағын және орта бизнес үшін цифрлық банк құру банкке бизнесті әртараптандыруға және қосымша бөлімшелерді ашпай-ақ клиенттік базаны арттыруға мүмкіндік береді. Ыңғайлы шешімдері бар қызметтер клиенттердің адалдығын арттырады.



 

Бүгінгі таңда HCB business цифрлық банкінде не бар?

• Шот ашу: қосымшада ЖК үшін шотты 5 минут ішінде онлайн ашу.
• Daily bank:
• Төлемдер: өз контрагенттерінің/серіктестерінің атына деректемелер бойынша теңгедегі аударымдар, бюджетке төлемдер, компания үшін және қызметкерлер үшін салық төлеу.
• СЭҚ клиенттері үшін: Сыртқы экономикалық қызмет бойынша операциялар: тәулік бойы валютаны доллармен, еуромен, рубльмен 50 000 долларға дейін айырбастау, халықаралық аударымдар – 10 000 долларға дейін.
• ақша қаражатының қозғалысы туралы, шоттарда бұғаттаулардың бар болуы, тыйым салулардың болуы, банк алдында берешектің болуы, сатып алу сәтіндегі валюта бағамдары көрсетілген сатып алынған валюталар туралы анықтамаларды алу. Компанияның айналымы бойынша теңгедегі және валютадағы үзінді көшірмелер.
• Комиссиясыз операциялар
• Банк терминалдары арқылы картасыз тегін ақша алу алу және шотты толықтыру.
• Тауарларды бөліп төлеуге сату мүмкіндігі және жеңілдетілген скорингпен бөліп төлеу кабинетіне ең жылдам қосылу мүмкіндігі.

HCB Business байланыс орталығының қысқа нөмірі: 4455, WhatsApp қолдау нөмірі: +7 777 7504455


2023 жылдың қаңтарында Home Credit Bank шағын және орта бизнеске арналған цифрлық банктің іске қосылуы туралы мәлімдеді. Қазақстандық еншілес банктің жаңа бастамасын Home Credit Bank - PPF холдингінің еуропалық акционерлері қолдады. Алдағы екі жылда цифрлық банкті дамытуға салынған инвестициялар шамамен 20 млн құрайды, ал жаңа жоба 400-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Цифрлық банктің құрылуының басында банкир және қаржыгер Дамир Какиев бастаған топ тұр. Қазақстандық Альфа-Банкте оның басшылығымен 5 жылдан кем уақыт ішінде классикалық корпоративтік институт шағын және орта бизнес пен бөлшек сауда клиенттеріне арналған цифрлық банкке айналды. Home Credit Bank технологиялық серіктесі red_mad_robot Central Asia компаниясы болды. Компанияның финтехтегі сараптама мен ШОБ үшін цифрлық өнімдерді құру тәжірибесі арқасында команда қосымшаны 6 айда іске асыра алды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x