Cоңғы жаңалықтар
Back

Home Credit – 2022 жылғы цифрлық шешімдер бойынша үздік банк

Asiamoney журналының бағалауы бойынша, Home Credit Bank “2022 жылғы цифрлық шешімдер бойынша Ең үздік банк” деп танылды. 

Беделді британдық Euromoney іскерлік журналының Азиядағы бөлімшесі жыл сайын тағайындалатын Asiamoney best Bank Awards халықаралық сыйлығы иегерлерінің есімін жариялады.

“The Best bank for Digital Solutions 2022” – “2022 жылғы цифрлық шешімдер бойынша үздік банкі” номинациясында өзімен аттас мобильді қосымшасы бар Home Credit Bank Kazakhstan жеңімпаз атанды.

Басылым сарапшылары Home Credit Bank өз сервистерін цифрландыруда сапалы серпіліс жасады, банктің барлық өнімдері мен қызметтері оның мобильді қосымшасында қолжетімді екенін баса атап өтті.

“Әу, дегеннен-ақ біз мобильді қосымша клиенттің банкпен негізгі байланыс тетігі болуы керек және ол барлық қызметтерімізді онлайн алуда ыңғайлы болуы тиіс деген тәсілді таңдадық.

COVID цифрландыру процестерін едәуір жеделдетті, қазір банкпен тек қашықтан байланысатын тұтынушылар санаты пайда болды: олар телефонына қосымшаны жүктеп алады, карталарының балансын терминалдардың көмегімен толықтырады, ал қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда WhatsApp арқылы байланысқа шығады, банкке келіп, оффлайн қызметке жүгініп жатпайды.

Әрі күн өткен сайын мұндай тұтынушылардың саны артып келеді. Біздің барлық өнім мобильді қосымшада қолжетімді, тіпті банктік депозиттік сертификатты ашу және жабу сияқты күрделі және “бір реттік” процестерге дейін, – дейді “Home Credit Bank” АҚ Басқармасының төрағасы Кирил Бачваров.

Қосымшаның жетістікке ие болғанын күнделікті белсенді пайдаланушылар санының өсіп келе жатқанынан байқауға болады, мысалы оның базасы 2022 жылдың 1 желтоқсанында 150 мың тұтынушыны құрады.

Home Credit Bank қосымшасының Android жүйесінде 5 миллионнан астам, ал IOS-та 800 мыңнан астам жүктеу тіркелген. Қосымшаның ай сайынғы белсенді қолданушыларының саны бүгінгі таңда 1,3 миллионнан асады. Соңғы жылы бір пайдаланушыға шаққандағы транзакциялар санының өсімі 20% құрағанын атап өтуге болады, егер ай мен айды салыстыратын болсақ, онда 2022 жылғы қараша мен 2021 жылғы қараша аралығындағы өсім 56%-дан асады.

“Home Credit Bank” АҚ Транзакциялық бизнес және экожүйе департаментінің директоры Станислав Тянның айтуынша, “мобильді қосымшамен жұмыс үздіксіз жүргізіледі”.

– Біз өз тұтынушыларымыздың ескертулері мен ұсыныстарын қабылдауға әрдайым дайынбыз. Неліктен біз қосымшамызды ең тартымды деп санаймыз?

Мысалға бірнеше фактіні алға тарта отырайын: мобильді қосымша арқылы виртуалды дебеттік картаны бірнеше секунд ішінде ашуға болады, оны шығарып ала салысымен бірден пайдалана аласыз.

Сондай-ақ, қосымшада басқа банктердің карталарына комиссиясыз ақша аударымдарын жасау операциясы да қолжетімді, оған виртуалды карта және аса жоғары деңгейдегі кэшбектерді қоссаңыз, бұл – басқа банктермен салыстырғанда нарықтағы ең жақсы ұсыныстардың бірі.

Сонымен қатар, біздің мобильді қосымшамыз арқылы ақшалай несиені банк бөлімшесіне немесе банкоматқа бармай-ақ 5 минут ішінде алуға болады – бұл Қазақстандағы ең жылдам несиелеу процесі, – дейді “Home Credit Bank” АҚ транзакциялық бизнес және экожүйе департаментінің директоры Станислав Тян.

Жыл сайын Euromoney халықаралық медиа тобының сарапшылары Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ең мықты қаржы институттарына Asiamoney Best Banks Awards сыйлығын тағайындайды. Home Credit Bank мобильді қосымшасы үшін бұл – Asiamoney сарапшыларының тағайындаған екінші жүлдесі.

Естеріңізге сала кетсек, Home Credit Bank мобильдік қосымшасы Intervale Kazakhstan компаниясы мен Қазақстандық интернет-бизнес және мобильдік коммерция қауымдастығының (ҚИБҚ) жыл сайынғы мобильдік қосымшалар рейтингісіндегі өз позициясын жақсартып, Қазақстандағы мобильді қосымшалардың ТОП-3 үздіктері қатарына енді.

Тағы оқыңыз:

800-ден астам бала «Самұрық-Қазынаның» жаңажылдық сыйлықтарына ие болды