Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр

Dalanews 09 желт. 2022 05:28 209

Қазақстанның Ұлттық банкі 9 желтоқсанға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Бүгін жұма күні доллар бағамы тағы бір теңгеге арзандап, 472,17 теңге болды.

Айта кетейік, өткен тәулікте америкалық валюта 473,54 теңге болған еді.

Ресей рублінің ресми бағамы 7,57 теңге болды.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 472 теңгеден сатып алынып, 476 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында орташа есеппен 472 теңгеден сатып алынып, 476 теңгеден сатылып жатыр.

Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:

USD / KZT – 472,17(АҚШ доллары)

EUR / KZT – 495,5 (еуро)

RUB / KZT – 7,57 (ресейлік рубль)

TRY / KZT – 25,33 (түрік лирасы)

CNY / KZT – 67,74 (қытай юані)

KGS / KZT – 5,56 (қырғыз сомы)

UZS / KZT – 4,2 (өзбек сомы).

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x