Теңгемен қалай 17,5% табыс тауып, сыйлыққа смартфон немесе ноутбук алуға болады

Dalanews 01 қар. 2022 11:32 220

Home Credit Bank депозиттік сертификат иелері үшін тиімді акция бастады


1 қараша мен 31 желтоқсан аралығында Home Credit Bank банктік депозит сертификатын (БДС) сатып алатын клиенттер үшін акция өткізеді. Қаржы ұйымындағы мамандар осы өнімнің ерекшеліктері мен акция шарттарын толық түсіндіріп берді.

Депозиттік сертификат VS депозит

Атауында «депозит» деген сөз болғанымен, банктік депозиттік сертификат депозит болып табылмайды. Бұл банк шығаратын атаулы, эмиссиялық емес бағалы қағаз. Оның белгілі бір айналым мерзімі бар және иесіне мерзімнің соңында номиналды құнын, сондай-ақ шартқа сәйкес сыйақы алуға құқық береді.

БДС-тың депозиттен негізгі айырмашылығы – оны мерзімінен бұрын шешіп ала алмайсыз және ақша толтыра алмайсыз. Мысалы, банк салымдарының жекелеген түрлері бойынша клиенттер қосымша сомаларды салуға, сондай-ақ келісімнің мерзімі аяқталғанға дейін ақшаны ішінара алуға құқылы. Яғни көптеген клиенттер үшін бұл ыңғайлы және таныс формат. Бірақ БДС-тың басқа артықшылықтары бар.


Біріншіден, Home Credit Bank мамандары түсіндіргендей, депозиттік сертификатпен ақша жақсы үнемделеді. Себебі, ақшаны жырымдап ала алмайсыз. Тіпті, «Стандартты» БДС бойынша келісім-шарт ерте бұзылса, сыйақы 0% ставкасымен есептелінеді. Ал ақша өтініш берген күннен бастап 31 күнтізбелік күн ішінде қайтарылады.

Екіншіден, бұл өнімнің пайыздық мөлшерлемесі жоғары. Сол себепті, ақшаны теңгемен сақтау тиімді. «Стандартты» депозиттік сертификат үшін банк 17,5%, ал «Икемді» сертификат үшін 16,5% сыйақы белгіледі.

Үшіншіден, сыйақы БДС ұстаушының шотына тікелей аударылады. Яғни, ағымдағы шығындар үшін қолма-қол ақшаның болуы өте ыңғайлы. Сыйақы қанша болуы мүмкін екенін түсіндіру үшін банк мынадай есеп-қисап жүргізді: егер сіз 10 миллион теңгеге депозиттік сертификат сатып алсаңыз, онда банк ай сайын шотыңызға 133 698 теңге (бір айдағы күндер санына байланысты) есептеп отырады.



Неге назар аудару керек

Home Credit Bank назар аударатын маңызды жайт бар. Депозиттік сертификатқа Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (KDIF) кепілдік бермейді. Себебі, ол депозит емес. «Бірақ бұл жоғары сыйақы үшін сіздің төлейтін бағаңыз», - деп түсіндіреді банк.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (KDIF) қараша айына арналған ұсынымдарына сәйкес 17,5% мөлшерлеме сыйақыны тек толықтыру мүмкіндігінсіз үш және алты айға ашылған жинақ салымдары ғана төлей алуы мүмкін. Ал 16,5% сыйақыны - үш және алты айға толықтыру мүмкіндігінсіз ашылатын мерзімді депозиттер ұсынады.


БДС пен депозит арасында басқа да айырмашылықтар бар. Депозиттер бойынша ай сайынғы капитализация жүріп тұра алады. Ал БДС сыйақыны капиталдандырмайды. Сыйақы депозиттік сертификатты сатып алған күннен бастап ай сайын клиенттің ағымдағы шотына түсіп отырады. Және клиент бұл соманы еркін пайдалана алады. Кейбір депозиттер үшін шарттар мен мерзімді автоматты ұзарту қарастырылған. БДС-те ондай жоқ. Сонымен бірге, Home Credit Bank депозиттеріне ақшаны теңгемен де, шетел валютасымен де орналастыруға болады. Ал БДС тек теңгемен жұмыс істейді.

Акция шарттары

Home Credit Bank 2018 жылдан бері банктік депозиттік сертификаттарды сатумен айналысады. Банк мамандары түсіндіргендей, бұл өнім ең алдымен қаржылық сауаты бар, орташа немесе жоғары табысы бар, экономикалық белсенді орта жастағы адамдарға қызық. Өнімнің орташа чегі 6-7 миллион теңгені құрайды.

[perfectpullquote align="full" bordertop="false" cite="" link="" color="" class="" size=""] Банк 1-ші қарашада осы акцияны бастады. Енді «Стандартты» банктік депозит сертификатын сатып алған клиенттер кепілдік берілген мынадай сыйлыққа ие болады:

  • 9 000 000 теңгеден 14 999 000 теңгеге алынған БДС-қа – Samsung смартфоны;

  • 15 000 000 теңгеден астам сомада алынған БДС үшін - Lenovo немесе HP ноутбугы.


[/perfectpullquote]


Акцияға жеке тұлғалар – Қазақстан азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар қатыса алады. Банктік депозит сертификатын банк бөлімшелерінде де, мобильді қосымшада да ашуға болады. Акция 2022 жылдың 31 желтоқсанын қоса алғанда екі ай ішінде жүреді. Акция «Стандартты» банктік депозит сертификатын қамтиды.

Сертификат сыйақысы - 17,5%, мерзімі - 12 ай.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x