Балақайлардың Kaspi Gold картасының лимиті жоғарлады

Dalanews 05 желт. 2022 13:47 314

Kaspi Gold картасын пайдаланатын жеткіншектерге ыңғайлы болу үшін ақша аударымының лимитін көбейді.

Енді Kaspi клиенттері баланың Kaspi Gold картасына, мысалы, айтулы оқиғамен құттықтағысы келгенде, айына 100 000 теңгеге дейін ақша аудара алады.

Ескерте кетейік, 6 жастан 16 жасқа дейінгі балаға карта ресімдеген ата-ана өз Kaspi Gold-ынан оған күніне 1 миллион теңге ақша сала алады.

Балаға арналған Kaspi Gold бойынша барлық шарттар – Kaspi Гид сервисінде: https://dz3a4.app.goo.gl/gold_for_parent

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x