Moody’s көрсеткіші. ForteBank рейтингі «Ва2» денгейінде «тұрақты» деген болжаммен расталды

Dalanews 22 сәу. 2022 15:10 220

Moody’s Investors Service («Moody’s») халықаралық рейтинг агенттігі ForteBank АҚ рейтингін «Ва2» деңгейінде «тұрақты» деген болжаммен растады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Рейтингті растау Moody’s агенттігінің өскен тәуекелдер аясында ForteBank АҚ-ның қызмет ортасы және кредитті өтеу қабілетінің орнықтылығына әрі банктің капитализациясы, тиімділігі мен өтемпаздығының тұрақтығына берген бағасын қамтып көрсетеді.

Ұзақ мерзімді рейтингтің «тұрақты» деңгейіндегі болжамы Moody’s-тің капитализациясы, тиімділігі мен өтемпаздығы арқасында банк инфляцияның өсуі мен қаржы нарығындағы жағдайдың күрделенуі аясында активтер сапасының мүмкін әлсізденуі тәуекелдерін табысты басқара алатыны туралы пікірді білдіреді.

ForteBank Қазақстанның ірі бес банкісі қатарына кіріп, елдің ең тұрақты, өтемпаз және жақсы капитализацияланған банктерінің бірі болып табылады. Банктің 20 филиалы және 100 жуық бөлімшесі бар. 2018-2022 жылдары ForteBank Global Finance және Asiamoney журналдарының нұсқасы бойынша үздік банк болып танылды, сонымен қатар The Banker журналынан «Қазақстандағы жыл банкісі» марапатын алды. Оған қоса, 2021 жылы Euromoney басылымы да ForteBank-ті Қазақстанның үздік банкісі деп атады.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x