Тұтынушылық депозиттер. Банкке салым салғанда неге назар аударған жөн?

Dalanews 13 қаз. 2021 09:45 355

ҚР Ұлттық Банкінің статистикасы бойынша қыркүйек айының басында еліміздегі депозиттердің жалпы көлемі 25 триллион теңгеге жеткен. Оның ішінде – 12,7 триллон теңге салым заңды тұлғаларға тиісті болса, ал жеке азаматтар банк депозиттерінде 12,3 триллион теңге көлеміндегі қаржыны сақтап отырған.

Қазақстан азаматтары банк секторына сенеді және мүмкіндік болса депозиттерде ақша жинауға тырысады.

Dalanews.kz порталы «Каржылық кеңесші» айдары аясында жеке қаржы менеджменті, ақшаны жинау мен пайдалану, несие түрлеріне арналған мақалалар сериясын жариялай бастады. 

Бүгін біз банк нарығындағы депозит түрлері мен әрқайсысының артықшылықтарына тоқталмақпыз. Қаржыны қалай жинаған дұрыс? Әр жағдайда салымның қай түрі ыңғайлы? 

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры салымдардың жіктемесін бекітіп, оларды мерзімсіз, мерзімді және жинақ деп үш санатқа бөлген. Және банктер депозит шарттарын осы санат бойынша жасақтауы тиіс.

Мерзімсіз депозит  


Егер күтпеген жағдайларға ақшалай қор жинау қажет болса, мерзімсіз салымды таңдаңыз. Оған ешқандай шектеусіз ақша салуға және алуға болады. Мысалы, сіз алдын-ала не болатынын білмейсіз. Бірақ ондай жағдайға қаржылай дайын болғыңыз келеді. Мұндай кезде ең тиімдісі – мерзімсіз депозит.

Мерзімді депозит


Ірі көлемде ақша жинағыңыз келеді. Бірақ керек кезінде мерзімінен бұрын ақша алу мүмкіндігі қажет. Себебі, қай жағдайда ақша керек болып қаларын толық білмей тұрсыз. Мерзімді депозитке ірі көлемде ақша салуға болады. Ол салымды кез-келген уақытта толықтырып отыруға да рұқсат бар. Мерзімінен бұрын ақша алуға да болады. Тек, егер шартта бекітілген мерзімнен бұрын депозиттен қаржы шешсеңіз, банк сыйақысынан қағыласыз.

Жинақ депозиті


Егер барынша тиімді мөлшерлеме арқылы тезірек ақша жинағыңыз келсе – жинақ депозитті таңдаңыз. Депозиттің бұл түрі толықтыруға болатын және болмайтын деп екіге бөлінеді. Жинақ депозитінің сыйақы деңгейі жоғары болады. Онда өте тиімді шарттармен ақша жинақтау мүмкіндігі баршылық.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының әр депозиттің сипатын бөліп көрсеткен кестесіне назар аударып, оның ішінен өзіңізге қажеттісін анықтауға кеңес береміз.



Дереккөз: «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры тарапынан мерзімсіз, мерзімді және жинақ салымдар бойынша ең жоғары мөлшерлемелер ай сайын жарияланып отырады. Мерзімсіз салымдар бойынша ең жоғары мөлшерлеме Қазақстанның Ұлттық Банкісінің базалық мөлшерлемесі негізінде, ал мерзімді және жинақ салымдар бойынша - нарықтық мәндер негізінде есептеледі. 

Жалпы, депозит таңдағанда оның жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесіне, шарттарына, ашу мен толықтырып отырудың, сондай-ақ ақшаны шешудің ыңғайлылығына және ең бастысы банктің тұрақтылығына назар аудару керек. 

Мысалы, Банк ВТБ (Қазақстан) арқылы депозитті ешқайда бармай-ақ онлайн ашуға болады.


Ол үшін смартфоннан Play Market немесе App Store дүкендеріне кіріп, «VTB KZ Online» қосымшасын жүктеп алуыңыз керек. Депозитті онлайн арқылы тіпті бар-жоғы 1000 тенгеден бастап ашуға болады. Ал егер Банк ВТБ (Қазақстан) бөлімшесінен салым ашатын болсаңыз, минималды сома 15 000 теңгені құрайды. Онлайн-рәсімдеу тиімдірек

Бұл жерде банктің қаржылық тұрақтылығын сіз халықаралық рейтинг агенттіктерінің рейтингі арқылы тексере аласыз. Тұрақты деген банктің рейтингі әлемдегі рейтингтің орталық маркеріне айналған Standard and Poor's агенттігінің метрикасы бойынша «B» деңгейінен төмен болмауы керек. Мысалы, Банк ВТБ (Қазақстан) рейтингі Standard and Poor's бойынша "тұрақты" болжамымен "BB+/B" құрайды. Бұл – банк өте тұрақты деген сөз.

Dalanews.kz қаржы кеңесшісі сіздің жеке ақша менеджментіңізді жақсартуға арналған. Қаржылық сауаттылық сізді алаяқтардан қорғап, несиені барынша жеңіл шарттармен алуға, депозитте тиімді қаржы жинауға және ақшаңызды үнемдеуге жол ашады. Бұған дейін біз кепілзатсыз несиелердің артықшылықтары мен кемшіліктерін саралаған болатынбыз.

2020 жылғы 3 ақпандағы №1.2.14/39 ҚР ҚНРДА лицензиясы.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x