KiaGO автошеруі: Қазақстанды ашамыз!

Dalanews 12 қаз. 2021 07:11 240

Қыркүйек айының соңында KiaGO: Қазақстанды ашамыз топтамасының алғашқы автошеруі өтті! Kia автокөліктерін мінген блогерлер мен журналистер тобы Алматы облысындағы Алтынемел ұлттық табиғи паркінің аумағында Қатутау және Ақтау тауларын ашты.

Kia-ның Қазақстандағы ресми дистрибьюторы Allur Motor Qazaqstan компаниясы ұйымдастырған автошерудің мақсаты – Қазақстанда автокөлік туризмін дамыту, онша танымал емес туристік орындарды танымал ету және ішкі туризм мәдениетін арттыру. Өз елінің жаңа қырларына тәнті болатын,  оның қайталанбас сұлулығын айрықша тамашалайтын, табиғатпен тұтасуды сезінетін және туған жерге ұқыптылықпен қарау керектігін естен шығармайтын қазақстандықтардың санын көбейту.

https://www.youtube.com/watch?v=rVCAIs8GGsk

Ұзындығы 800 км болатын Алматы-Алтынемел-Алматы екі күндік жүріс маршруты автобанның жолында тегіс бетонды жол жабындары да, быт-шыты шыққан асфальт та, ойлы-қырлы топырақты жерлер де кездесті, осылайша қатысушылар Kia автокөліктерін әртүрлі пайдалану жағдайларында сынап көрді. Бес автокөліктен тұратын лекке Sportage және Sorento кроссоверлерінің модельдері, сондай-ақ K5 седаны кірді. Соңғысы Қазақстандағы автотуризм үшін жол талғамайтын көліктің болуы міндетті емес екенін тағы бір рет дәлелдеп, барлық күрделі маршрутты еш қиындықсыз еңсерді.

Алтынемел ұлттық паркінің шығыс бөлігіндегі Қатутау таулары жанартаулардың әсерінен пайда болған екен. Лава атқылағаннан кейін қатайып, көптеген фантастикалық пішіндер, жартастар мен үңгірлер түзіліпті. Қатутауда байырғы заманда адамдар мекендеген, оған жартастағы суреттер дәлел бола алады.



Ақтау бор таулары – Алтынемел аумағындағы ландшафты ең көркем және бірегей орын. Бұл бір кездері Іле шұңқырын толтырып тұрған ежелгі теңіздің түбі. Теңіз жойылғаннан кейін табиғаттың қалауымен мұнда төменгі жағы жасыл әрі қызыл түстен бастап жоғарғы бөлігі ала және ақ түске дейін түрлі түсті тау жыныстарынан құралған тік жартастардан әдемі аңғарлар мен шатқалдар түзілген. Бұл жерден әртүрлі геологиялық дәуірлерде өмір сүрген ежелгі жануарлардың көптеген қалдықтары табылды, мысалы, моллюскалар, қолтырауындар, бронтотериялар, алып мүйізтұмсықтар және мастодонттар.



Шеруді ұйымдастырушылар атап өткендей, мұндай сапарлар жаңалықтар ашуға, серпіліс жасауға және қаланың қарбаласынан демалып, табиғатты тамашалауға көмектеседі. Бұл шабыттандыратын қозғалыс. Movement that inspires.

KiaGO Автошеруі: Қазақстанды ашамыз! Қолдау көрсеткен серіктестер: Samal Water және Royal Petrol.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x