Қаржылық кеңесші: Кепілзатсыз несиелер. Олардың қандай артықшылықтары бар?

Dalanews 14 қыр. 2021 06:25 1289

Осының алдында біз статистика бойынша әрбір үшінші қазақстандықтың несиесі бар екенін жазған болатынбыз. Ұлттық Банктің мәліметі бойынша, 2020 жылдың қортындысы бойынша жеке тұлғалардың несие сомасы 7,63 триллион теңгеге жеткен. Оның ішінде 4,3 триллион теңге тұтынушылық несие түрінде берілсе, ал 2,3 триллион теңгеге ипотека алынған. Бір нәрсе анық, елде кредиттер саны да, сомасы да артып келеді. Бұл қазақстандықтардың кредит алудан қорықпайтындығын, оны күнделікті тұрмысын жақсарту мақсатында бағыттауға бой үйреткендігін байқатады.

Dalanews.kz порталы «Каржылық кеңесші» айдары аясында жеке қаржы менеджменті, ақшаны жинау мен пайдалану, несие түрлеріне арналған мақалалар сериясын жариялай бастады. 

Бүгін біз кепілзатсыз несиелерге толығырақ тоқталмақпыз. Себебі, кредит алған ел азаматтарының жартысынан астамы кепілзатсыз несие түріне жүгінген. Бұл ретте неге назар аудару қажет? Қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар?

 

Кепілзатсыз несиенің артықшылықтары


Несиенің осы түрінің негізгі артықшылығын оның атауынан ақ білуге болады. Яғни, банк алдына кепілзат қоймайсыз. Банк сізге толығымен сенім артып, қарыз шарты жасалғаннан кейін мақұлданған соманы беретін болады. Кейде тіпті сізде кепілге қоятын мүлік болмауы да мүмкін. Бұл жағдайда, кепілзатсыз несие сізді тығырықтан шығаратын, жол ашатын жалғыз мүмкіндік болуы ғажап емес.

Тағы бір артықшылығы, кепілзатты әділет органдарға тіркеп, оны бұғаттаудың қажеті жоқ болғандықтан кепілзатсыз несиені рәсімдеу анағұрлым тез және технологиялық процесстер бойынша оңай жүреді. Мысалы, Банк ВТБ (Қазақстан) арқылы несие рәсімдеу барысында сайт арқылы өтініш берсеңіз, сізге кредиттік менеджердің өзі хабарласып, несиенің мерзімін, сомасын ақылдасып, бірден қандай соманың алдын-ала мақұлданғанын хабарлай алады.

Ол технология «алдын-ала скоринг» деп аталады. Бұдан кейін сізге тек банк бөлімшесіне барып, қарыз келісім-шартына қол қойып, ақшаңызды алу ғана қалады. 


Бұл ретте тағы бір рет ескертеміз, кез-келген несие алмас бұрын, келісім-шартпен мұқият таныс болыңыз. Әсіресе, комиссиялар бар ма, несиені уақытылы төлемеген жағдайда қандай өсімпұл сомасы бекітілген - осы баптарға назар аударыңыз. Несиенің жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесімен де танысып алу артық болмайды. Тиімді мөлшерлеме өнім шарттарында көзделген комиссияның барлық түрлерін қамтитындығын біз «Қаржылық кеңесші» айдарында жазған болатынбыз. 

 

Кепілзатсыз несиенің кемшіліктері


Кез-келген жағдайда медальдің екі жағы бар екенін жақсы білеміз. Қаржы саласында да осы қағида жиі орын алады. Кепілзатсыз несиенің де кепіл қойылған қарызға қарағанда өз кемшіліктері бар. Ең басты кемшілігі – ол қымбаттығы.

Несиенің құны екі фактордан құралады: жылдық тиімді мөлшерлеме мен несиенің мерзімі. Сіз кепілзат қоймағандықтан, несиенің осы түрінде банк мөлшерлемесі жоғары, ал қарыз мерзімі қысқа болады. Алайда, банк нарығында тиімді ұсыныстар да табылар.  Мысалы, Банк ВТБ (Қазақстан) арқылы кепілзатсыз несие алсаңыз, оның сомасы 5 миллион теңгемен, ал мерзімі 5 жылмен шектеледі. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемсі 16%-дан басталады

Мөлшерлемесі неге кепілзат қойылған кредитке қарағанда жоғары болады? Себебі банк бұл жағдайда өз тәуекелдерін (премия за риск) арттыруға мәжбүр. Алда-жалда несиені қайтара алмасаңыз, банктің сізден өндіріп алатын кепілзаты жоқ. Ал кепілзат бар кезде, банк үшін тәуекелдер азая түседі. Ол кезде мөлшерлемені де азайта алады.   

Кепілзатсыз несиенің мерзімі көп жағдайда 5 жылдан аспайды. Мұны да кемшілікке жатқыза аламыз. Мерзім неғұрлым аз болса, соғұрлым ай сайынғы төлем сомасы үлкен болады. Бұл сізге қаржылық ауыртпалық әкелуі мүмкін. Бірақ бұл ретте, аз мерзімді несиенің артық төлем бойынша ұтатындығын айта кетуіміз керек.

Dalanews.kz қаржы кеңесшісі сіздің жеке ақша менеджментіңізді жақсартуға арналған. Қаржылық сауаттылық сізді алаяқтардан қорғап, несиені барынша жеңіл шарттармен алуға және ақшаңызды тиімді жұмсауға жол ашады.

2020 жылғы 3 ақпандағы №1.2.14/39 ҚР ҚНРДА лицензиясы.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар