«Ақ жол» партиясының «Пошта жәшігі» акциясы тұтастай елді қамтыды

Dalanews 04 қаң. 2021 12:20 192

«Ақ жол» партиясының сайлауалды штабы «Пошта жәшігі» акциясын өткізді. Еліміз бойынша ұйымдастырылған акция барысында еріктілер мен партия белсенділері Қазақстан тұрғындары арасында үгіт-насихат өнімдерін таратты. Олар «Ақ жолдың» үгіт-насихат материалдарын сайлаушылардың есіктеріне дейін жеткізіп, буклеттерді қазақстандықтардың пошта жәшіктеріне тастайды.

– Партияның үгіт-насихат жұмыстары қызу жүріп жатыр. Штабтың мүшелері барлық аймақтарда, іс-шаралар өткізуде, кәсіпорындардың, жоғары оқу орындарының еңбек ұжымдарымен кездесуде, қоғамдық қабылдаулар жұмыс істейді, – деп атап өтті Республикалық штаб басшысының орынбасары, Мәжіліс депутаттығына үміткер Айгүл Жұмабаева.

– Кез-келген науқанның міндеті – мүмкіндігінше көп сайлаушыларды қамту, біз «Түбегейлі өзгерістер қажет» сайлауалды бағдарламасының негізгі ережелерін барлық қазақстандықтарға жеткізуіміз керек. Сондықтан мұндай акциялар дәстүрге айналды».


Бүгін «Ақ жолдың» астаналық филиалы «Пошта жәшігі» акциясын өткізді, ол республиканың барлық аймақтарында жалғасын табуда.

– Үгіт-насихаттық буклеттерде партияның сайлауалды бағдарламасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі негізгі ережелері қысқаша баяндалған. Жастар арасынан үгіт-насихат топтары әр тұрғын үшін үгіт-насихат парақшаларын жеткізу мақсатында тұрғын үйлерді үнемі аралап тұрады. «Ақжолдықтар» Қазақстан азаматтарының үйінің есігі мен әр пошта жәшігіне қол жеткізуге тырысады, – деді партияның Нұр-Сұлтан филиалының төрағасы, қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Асқар Смағұлов.

(Материал ақысы «Ақ жол» партиясының сайлау қоры қаржысы есебінен төленді)

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x