Шымкенттік мұғалімге Алматыдан пәтер бұйырды

Dalanews 09 желт. 2020 11:32 273

Halyk Bank пәтерлерін ойнатудың екінші кезеңінде тағы бір ұстаз Алматыдағы «Хан Тәңірі» тұрғын үй кешеніндегі жап-жаңа, жайлы пәтерді ұтып алды. Ұтыстың иесі шымкенттік ұстаз.



Шымкент қаласындағы №95 орта мектепте оқытушы-психолог болып  жұмыс істейтін,  үш баланың  әкесі Әлімжан Оразовтың қуанышында шек жоқ. Қарапайым ұстаз «Алматыда  пәтерім  болады» деген ой үш ұйықтаса  түсіне  кірмегені анық. Бірақ Алланың  ұлылығында шек  бар ма, қараша айында Halyk Bank-тің «Ай сайын пәтер ұтыс ойыны» атты ауқымды акциясының жеңімпазы болып, Алматы қаласындағы «Хан-Тәңірі» тұрғын үй кешеніндегі ұтысқа тігілген 3 пәтердің біреуін қожайыны атанды.

– Шымкентте  отбасым,  жұбайым, үш балам, сүйікті жұмысым бар, – дейді Әлімжан Оразов, – тұрғылықты жерімді ауыстыру, басқа қалаға көшу деген жоспарым мүлде болған емес. Біраз уақыт бұрын Halyk Bank-те автокредит бойынша қайта қаржыландыру туралы шешім қабылдадым. Сол кезде банк менеджерлері мені автоматты түрде Алматыдағы пәтерлер ұтыс ойынына қатысатыным туралы хабардар етті. Мен бұған аса мән бермеген едім. Өйткені Халық Банктің менен де басқа клиенттері көп қой. Бірақ мына қуанышты  хабарды естім, бақытта басым айналғандай болды... Жұбайыма, отбасыма, жақындарым мен жерлестеріме жақсы жаңалықты бөлісуге асықтым.

Бірінші Алланың, екінші Halyk Bank-тің арқасында  автокөлігім де, пәтерім де бар! Клиенттерге және барлық қазақстандықтарға осындай мүмкіндіктерді жібермей, пайдалануға кеңес беремін. «Сабақты ине сәтімен» деген осы, ағайын! – деп шымкенттік ұстаз қуанышымен бөлісті.


Естеріңізге сала кетейік, қазан айында пәтер ұтысының жеңімпазы Алматы облысы Қарасай ауданы Ұлан ауылының мұғалімі Ғалияш Барлыбаева болған.

Акцияның барлық шарттарын орындаған жеңімпаздар Halyk Bank қызметкерлерінің, сондай-ақ лицензияланған нотариустар қатарынан тағайындалған тираждық комиссияның қатысуымен Банктің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында тікелей эфирде кездейсоқ сандарды генерациялау әдісімен анықталады.

Науқанға қатысу шарттары өте қарапайым – 2020 жылдың  20 желтоқсанына дейін Halyk Bank-тен 50% жеңілдікпен немесе 24 айға дейін артық төлемсіз бөліп төлеуге зат сатып алып, ай сайын Homebank қосымшасындағы кез келген төлемді жасағаныңыз жеткілікті.

«Ай сайын пәтер ұтысы» науқанының қатысушысы болу үшін сізге:

  1. Келесі кредиттің бірін 2020 жылдың 20 желтоқсанына дейін алуыңыз керек:



  • Бөлімшеден 500 000 теңгеден басталатын сомада кепілсіз несие;

  • Homebank қосымшасында 200 000 теңгеден басталатын сомадағы онлайн-несие;

  • Homebank қосымшасында 200 000 теңгеден басталатын сомаға онлайн-бөліп төлеу;


 

  1. Homebank-те кез келген төлемдер жасауға:



  • Төлемнің ең аз сомасы – 1 000 теңге

  • Төлемдердің ең аз саны – 1 төлем әр айдың 20-на дейін (қараша, желтоқсан).


 «Halyk Bank-тен ай сайын пәтер ұтысы» акциясы бойынша несие алып, несие ақысын Homebank-тегі қызметтерге арқылы төлеп, Алматының көрікті ауданындағы «Хан-Тәңірі» тұрғын үй кешенінен жаңа пәтер ұтып алыңыз!


Акция бойынша барлық соңғы жаңалықтар – Halyk Bank-тің Instagram, (@halykbank.kz), Facebook аккаунттарында жарияланып отырады. Акция туралы соңғы жаңалықтардан хабардар болып,  ұтыс ойынының күні мен нәтижелері туралы білу үшін ресми аккаунттарға жазылыңыз.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x