Жетісуда құны 104,1 млрд теңге болатын 12 жоба жүзеге асуда

Dalanews 16 қыр. 2020 10:36 263

Ағымдағы жылы Алматы облысында Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 400 жұмыс орнын құрылып, 104,1 млрд теңгеге 12 жоғары технологиялық және инновациялық жобаны іске асыру жоспарлануда.

Биыл құны 14,1 млрд теңгені құраған 3 жоба пайдалануға берілі, 578 адамды жұмыспен қамтыды. Солардың ішіндегі ең ірісі «Жетісу Мажико» агрокешені майлы дақылдарды қайта өңдеу зауыты, «NauryzAgro» бройлер бағытындағы құс фабрикасы, «Жетісу Соя» байпасты протеин мен соя майын өндіру зауыты.

Жыл соңына дейін жалпы құны 90 млрд теңге болатын 9 жоба іске қосылып, 1800-ден астам жұмыс орны ашылады.


Индустрияландыру картасының жобалары бойынша «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы шеңберінде қажетті инфрақұрылымды жүргізіп беру, визалық қолдау, шетелдік жұмыс күшіне квота беру, жер учаскелерін бөлу, жеңілдікпен несие беру, кедендік баждан босату түріндегі мемлекеттік қолдау шаралары тұрақты негізде көрсетіліп келеді.

Естеріңізге салар болсақ, индустрияландыру жылдарында (2010-2019 жылдар) облыста барлығы 344,2 млрд теңгеге 64 нысан іске қосылды. 10 мыңға жуық жұмыс орны құрылып, 307,6 млрд теңгенің өнімі өндірілді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x