Локомотивтер қысқа дайын

Dalanews 29 қар. 2019 09:00 391

Локомотивтерді пайдалану деполарында жылжымалы құрамдар тартымы қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындықты аяқтады.

Күзгі локомотив кешенді тексеруде пайдалану, жөндеу және сервистік компаниялар қатысты. Олардың міндеті – локомотивтерді суыққа сапалы даярлау болып табылады. Өйткені темір жолдарда қозғалыс қауіпсіздігі мен техникалардың сенімділігі осыған байланысты. Алғашқы аяз түскенге дейін теміржолшылар локомотивтердің техникалық, өртке қарсы және мәдени жағдайын тексерді.

«Қысқа дайындық бойынша барлық қажетті іс-шаралар аяқталды», – деп атап көрсетті елордалық локомотив пайдалану депосы басшысының өндіріс жөніндегі орынбасары Дастан Елеусізов.


Қысқы маусымға локомотив бригадалары да дайындалуда. Олар үшін қысқы жағдайға электровоздар мен тепловоздарды пайдалану, қызмет көрсету және дайындау бойынша техникалық оқытулар өткізілуде.

Сондай-ақ, суықта магистральда алғаш рет жұмыс істейтін жаңа қызметкерлерді оқыту ұйымдастырылды.

Тәжірибелі тәлімгерлер «алғашқы қыстықтарға» бекітіліп берілді. Жоспарлы тәртіпте жұмысшылар қысқы арнайы киіммен қамтамасыз етілуде. Сонымен қатар депода ерекше климаттық жағдайда вибропантографтар (электроқозғалмалы құрамда байланысу сымына мұз қатумен күресуге арналған құрал-жабдық) қамтылған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x