«Тау-Кен Самұрық» компаниясы вольфрам өнімдерін өндіретін жобаны бастады

Dalanews 26 желт. 2018 02:55 339

«Тау-Кен Самұрық» ұлттық компаниясы жоғары қайта бөлетін вольфрам өнімдерін өндіру жөніндегі жобаны іске асыруға стратегиялық инвесторды тартуға кірісті, деп хабарлайды dalanews компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ивестор – Xiamen TungstenCo., Ltd. - вольфрамнан, молибденнен және жерде сирек кездесетін металдардан өнім өндіретін әлемнің ең үздік өндірушілерінің бірі, вольфрам кен орындарын игеруде үлкен тәжірибесі бар.

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ мен Xiamen Tungsten арасында жасалған келісімнің шарттарына сәйкес Жоғары Қайрақты және Солтүстік Қатпар кен орындарында (Қарағанды облысы) вольфрамды өндіру және байытумен қазақстан-қытай бірлексен кәсіпорны айналысады.

Солтүстік Қатпар және Жоғары Қайрақты кен орындарының базасында екі тау-кен байыту комбинаты (кәсіпорынның өндірістік қуаты тиісінше 2,6 және 6,0 млн тонна руданы құрайды) және терең қайта өңдейтін бірыңғай металлургиялық кешен салынады.

Өндірістік объектілер құрылысынң құны – шамамен 755 миллион доллар. Операциялық қызметтің басталуы 2023 (Солтүстік Қатпар) және 2025 (Жоғары Қайрақты) жылдарға жоспарланған. Дайын өнім – паравольфрамат аммония, ал клешекте – вольфрам ұнтақтары мен вольфрам карбидтері. Сондай-ақ, молибден, висмут және мыс концентратын өндіру жоспарланып отыр.

Жобаны іске асыру бюджетке шамамен 1 млрд. доллар  салықтық түсімдерді, жаңа инфрақұрылым объектілерін салуды және  қолданыстағы объектілерді қайта жаңғыртуды қамтамасыз етеді, 2,5 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. Бұдан басқа, сирек-метал кластердің дамуы және вольфрам өнеркәсібінің өркендеуі үшін жаңа перспективалар ашылады: Қазақстан сирек және жерде сирек кездесетін металлдарды байыту және қайта өңдеу саласындағы жаңа технолоияларға қол жеткізеді.

Жоғары Қайрақты және Солтүстік Қатпар кен орындары Қарағанды облысының Шет ауданында бір-бірінен 30 шақырымдық жерде орналасқан.  Вольфрам қоры өткен жүз жылдықтың 70-ші жылдары ішінара барланған, бірақ, өнеркәсіптік қазу жұмыстары осы күнге дейін басталмаған. Негізгі себеп – Қазақстанда руданың ерекшеліктеріне сәйкес келетін байыту технологиялары жоқ.

2018 жылы «Тау-Кен Самұрық» ұлттық компаниясы Жоғары Қайрақты және Солтүстік Қатпар кен орындарындағы қор туралы деректерді нақтылады (тиісінше, 1 млн 213 мың тонна және 90 мың тонна вольфрам). Топогеодезиялық, геофизикалық және зертханалық-талдамалық зерттеу жұмыстары отандық және шетелдік мамандарды тарта отырып, жүргізілді.

Паравольфрамат аммония машина жасау, станок жасау, аспап жасау салаларда қолданылатын аса берік, тозуға төзімді, қызуға берік материалдар алу үшін пайдаланылады. Паравольфрамат аммонияны екінші рет қолдану – эмаль және бояу өндірісі үшін вольфрам қышқылын алу, сондай-ақ, паравольфрамат аммония мен мұнай химия өнеркәсібіне арналған қоспалар ретінде қолданылатын вольфрамның басқа қосылыстарын өндіруге мүмкіндік береді.

«Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ баспасөз қызметі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x