Жетісудің жүгерісі: Жаркент крахмал-сірне зауыты туралы не білеміз?

Dalanews 14 желт. 2018 04:52 591

 Бір уақытта бұл кәсіпорынның жұмысы жүрмей, біраз уақытқа тұралап қалған. Дағдарыс ұзаққа созылған жоқ, бірақ.

 2005 жылы қайта қолға алынып, технологиясы толық жаңарудан өтті. Содан бергі уақытта Жаркент крахмал-сірне зауытының жұмысы бірде-бір күн дамылдаған жоқ.

Қазір күніне 300 тонна жүгері өңдейді. Осы саладағы Қазақстан ғана емес, Орта Азиядағы ең ірі өндіріс орындарының біріне айналды.


Жүгері зауытының Жаркентте орналасуы да бекер емес. Жүгерінің отаны бұл жер. Кезінде Панфилов, Ұйғыр, Еңбекші қазақ аудандарының жер емген шаруалары жүгері өсіруді негізгі кәсіпке айналдырып, одан тау-тау түсім алып, нәпақаларын айырып отырған.

Зауытта жұмыс істейтін 340 жұмысшының барлығы жергілікті тұрғындар. Жүгерінің қыр-сырын жете білетін, одан өнім алуға әбден машықтанған.



Жаркент крахмал-сірне зауыты – сірне өндірумен айналысатын еліміздегі жалғыз кәсіпорын. Сонысымен де құнды.

Крахмал сірнесін қандай мақсатта қолданады? 


Жүгеріден алынатын крахмал – тағам өндірісі, кондитерлік өнімдер, жеңіл өнеркәсіп, тоқыма, қағаз полиграфиясы, темекі, сыра қайнату және шырын жасау өнеркәсібінде, сондай-ақ құрылыс материалдары өндірісінде жоғары сұранысқа ие.

Зауыт түрлендірілген крахмалдың 18 түрін, мальтоза және глюкоза балшырындарын, глютен, жүгері майын, ұрық, кебек, түйірленген құрама жем шығарады.


Ал сірне осы крахмалдан алынатын қою шәрбәт тәрізді тәтті өнім. Зауыт бұдан бөлек крахмал- глюкозалық қант пен тағамдық глюкозаны шығарады. Глюкоза алынатын шикізат  тағы сол – крахмал.



Кристалдық глюкоза таза да тəтті, әрі тез сіңетін жоғары сапалы тамақ өнімі. Кондитерлік нан-тоқаш өнімдерін, жеміс консервілерін, қоюлатылған сүт, балмұздақ, ликер-арақ өнімдерін жəне кулинариялық өзге де өнімдерді шығару үшін осы глюкоза пайдаланылады.

Жаркент крахмал-сірне зауытының құндылығы  да осында.



Былтырғы жылдан бастап кәсіпорын өнімнің жаңа түрі глюкоза-фруктоза балшырынын шығаруда.  Осы мақсатта зауыт басшылығы «ИГ-42» деп аталатын технологияны сатып алған, бұл технологияның ерекшелігі сонда құрамында жасанды немесе синтетикалық заттар, сондай-ақ тамақ қоспалары болмайтын шикізат өндіруге мүмкіндік береді.

 Сала мамандарының айтуынша, мұндай өнім дәл қазір Орта Азияда жоқ. Бұл өнім карамель, ирис және басқа тәтті қоспаларды өндіру кезінде қолданылады екен.


Айту кетек керек, зауыт глюкоза балшырынын өндіру кезінде генетикалық түрлендірілген шикізатты қолданбайды, бұдан тыс жүгеріні қалдықсыз қайта өңдеу циклын жолға қойған.



Әзір зауыт жылына 60 мың тонна жүгері дәнін өндіреді. Келекшекте бұл көрсеткішті 300 мың тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отырған жайы бар.

 

Зауыттың негізгі тұтынушылары кімдер?


Жаркент крахмал-сірне зауытында өндірілетін өнімнің 60 пайызын қазақстандық кәсіпорындар тұтынып отыр.



Бұлардың арасында –

«Рахат» кондитер зауыты,  «Alinex» ЖШС, «Ақсай-НАН», «Маслодел», «Хамле», «Carlsberg Kazakhstan», «RG Brands» сияқты танымал компаниялар бар.


«Кәсіпорын өнімінің 40 пайызы Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстанға тасымалданады», – дейді зауыт басшысы Сұлтанмұрат Сірәпілов.

Экспортты 2 есе ұлғайтыпты 


Картинки по запросу KazakhExport экспорт

Қазіргі күні зауыт

«KazakhExport» ЭСК» АҚ қолдауымен Өзбекстанға жүгері крахмалы мен сірнесінің экспорты көлемін 2 есе ұлғайтты.


Жыл соңына дейін «Жаркент крахмал-сірне зауыты» ЖШС Өзбекстанға 5,4 мың тонна сірне және 3,6 мың тонна жүгері крахмалын экспорттауды жоспарлап отыр.

Ұлттық компания өзбекстандық сатып алушыға қазақстандық зауыт өнімдерін сатып алу үшін сауданы қаржыландыру жолымен қолдау көрсетеді.

Мұндай қаржыландырусыз жеткізу көлемі әлдеқайда аз болар еді. Өйткені сатып алушыда тауардың бүкіл көлемін талап бойынша алдын ала төлеу шарттарымен сатып алуға қажетті үлкен қаражат айналымы бола бермейді.

Бұл ретте, әдетте, әрбір өндіруші екі себеп бойынша алдын ала төлемсіз үлкен сомаға өнім жеткізе алмайды.

 Біріншіден, апарған тауары үшін төлемді уақтылы ала алмау тәуекелі бар. Екіншіден, төлемді кейінге қалдыру жолымен тауар неғұрлым көп тиеп-жөнелтілсе, бос айналым қаражаттары соншалықты аз қалады.

Бұл капиталдың айналымдылығын баяулатады, басқа жеткізулердің болмай қалу тәуекелін тудырады, пайданы төмендетеді және т.б.

Бұл мәмілені қаржыландыруды ұйымдастыру үшін «KazakhExport» ЭСК» АҚ өзбек банктерінің бірімен әріптестік қатынас орнатты, оның қаржылық жағдайын зерттеді және бұл банке банкаралық қарыздан жалтару тәуекеліне лимиттің белгіленген мөлшерін белгіледі.



Қазіргі уақытта Өзбекстанның банк секторында оң динамиканың байқалатындығын және көптеген өзбек банктерінің осындай мәмілелерге қатысуға дайын екенін айта кету қажет.

 

DALANEWS.KZ АНЫҚТАМАСЫ:

2015 жылы Қазақстанда Ұлттық бизнес-рейтингті зерттеу нәтижелері бойынша зауыт «Сала көшбасшысы» болып танылды. 2017 жылы ЖКСЗ «Қазақстанның үздік тауары» конкурсының облыстық кезеңінің «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясында бірінші орынды иеленді, сондай-ақ Президенттің «Алтын сапа» сыйлығын алды.

...

«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ – «Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы. KazakhExport экономиканың басым секторларында шикізаттық емес тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің экспортының өсуіне қолдау көрсетумен және қазақстандық кәсіпорындарға қаржы-сақтандыру және қаржылай емес қолдау практикасын қалыптастырумен айналысады.

Экспорттаушылар www.keg.kz сайтына кіріп «Экспорттаушының біріңғай терезесі» арқылы сақтандыруға өтініш бере алады.


 

 

Дайындаған, Диас ШАЙЗАҚОВ


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x