Елорда тұрғындары үшін сорпттың бес түрінен жаттығулар тегін өткізіледі

Dalanews 28 шіл. 2017 05:50 261

Елордада «қолжетімді спорт» жобасы аясында тұрғындар үшін спорттың бес түрінен жаттығулар тегін өткізілетін болды.

«Қолжетімді спорт» жобасы бойынша елорда тұрғындары фитнес/йогамен, скандинавиялық жүріспен, үстел теннисімен және каратэмен айналыса алады. Жаттығудың бәрі астаналықтар үшін тегін өткізіледі.

Айта кетейік, спорт жаттығулары аптасына 2 рет қала саябақтарында өткізіледі. Бұл ретте қатысушылармен білікті жаттықтырушылар айналысады. Фитнес, жүгіру, каратэ және скандинавиялық серуендеу жаттығуларына тіркелудің қажеті жоқ, белгіленген уақытта кесте бойынша келе аласыз.




Үстел теннисінен сабақтар залдарда өткізіледі, сондықтан +77076184343 нөміріне тіркелу қажет.

Жаттығу кестесін Instagram желісіндегі @dostupnyi_sport kz парақшасынан көруге болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
ТЕЛЕ2 - БАСТЫҚ1
22 сәу. 2024 18:05
x