Қазақстан пойыздары Моңғолияға экспортталады

Dalanews 31 қаң. 2017 03:42 204

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Қанат Алпысбаев Моңғолия астанасы Ұланбатырда көлік саласындағы серіктестікті дамыту турасында кездесулер өткізді, – деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Моңғолия көлік және жолды дамыту министрі Дангаа Ганбатпен болған кездесуде «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Қазақстанның көлік-логистикалық кешені саласын дамытудағы жетістіктері мен халықаралық көлік желісіне кіру мақсатындағы транзиттік әлеуеті туралы баяндады. Қ. Алпысбаев компания жүзеге асырып жатқан ірі инфрақұрылымдық және темір жол көлігі саласын дамыту жобалары туралы әңгімелеп, қазақстандық тараптың монғол темір жолымен серіктестікті дамытуға мүдделі екендігін жеткізді.

«Ұланбатыр темір жолы» АҚ бастығы Дамдинсурэн Жигжиднямаамен кездесуде қазақтандық тараптың магистральдық тепловоздар, жүк вагондары, рельстер, бағыттауыш бұрмалары және басқа да темір жол өнімдерін Моңғолияға жеткізу жайы қарастырылды. Кездесу соңында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Ұланбатыр темір жолы» АҚ арасында теміржол көлігі машинасын жасау саласындағы серіктестікті дамыту бойынша меморандумға қол қойылды.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x