«Даму» қоры кәсіпкерлермен жақсы жұмыс істеген менеджерлерін марапаттады

Dalanews 30 қаң. 2017 06:03 274

«Даму» қоры rепілдеме беру құралын пайдаланып, көп несие берген банктің үздік  менеджерлерін марапаттады. Сонымен қатар, аймақтық филиалдарда кепілдеме беру шартын жасауда белсенділік танытқан өз қызметкерлерге де құрмет көрсетілді.  

Байқау 2016 жылдың қорытынды көрсеткіштері бойынша өткізілді. Оған Қазақстанның барлық облыстары мен Алматы, Астана қалаларынан 436 қызметкер және «Даму» қорының аймақтық филиалдарынан 83 менеджер қатысты.

– Биылғы ІІІ байқаудың талап аясы кеңейген. Бағалау барысында несиенің қаржы көзі де есепке алынды. Яғни, бұл «Даму» қоры бөлген қаржы ма, әлде банктің байқауға қатысу балын көтере түсетін өз қаржысы ма деген тұстар да ескерілді. Біз кепілдік беруде жылдам шешім шығару, ауылдық жерлердегі жобаларға қолдау, «Даму» қорының кепілдігімен банкте жеке қызмет түрін құру секілді опцияларды да енгіздік. Бұл жағдайда банк өз клиенттері үшін өз қызмет түрін енгізуі керек. Бірақ «Даму» қорының кепілдеме беру құралын пайдалану міндетті. Бұған дейінгі байқауларда кепілдеме беру шарты саны мен байқауға қатысушының қоржынында қайтпай қалған несиелер болмауы басты талап болатын, – дейді «Даму» қоры Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Мирас Бейсембаев.

2016 жылы «Даму» қоры 1 182 жобаға кепілдік берген. Олардың 951-імен шартқа қол қойылған.2016 жылы «Даму» Қорының кепілдемесімен берілген несие көлемі 26,9 млрд теңгені құраса, кепілдеме сомасы 11,9 млрд теңге болды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x