Cоңғы жаңалықтар
Back

Сноуден туралы фильм түсірілуде

Голливуд актері Николас Кейдж биографиялық «Оливера Стоун» фильмінде АҚШ барлау қызметінің экс-агенті Эдвард Сноуденнің рольін сомдауда. Бұл туындыны киносүйер қауым 2015 жылдың 25 желтоқсанында тамашалай алады. 

Қазіргі таңда жаңа туындыны түсірушілер Германияның Мюнхен қаласында жұмыс істеп жатыр. Олар мамыр айынан дейін дүниежүзінің бірқатар қалаларда фильмнің эпизодтарын түсірмекші. Фильм Сноуденнің адвокаты Анатолий Кучерен мен журналист Люка Хардингтың жазған кітаптары негізінде түсірілуде. Осылайша тағдыры тұманды агенттің соңғы кездегі өмірі киноға таптырмас тақырып болып тұр.

Таяуда ғана Эдвард Сноуден жайында түсірілген деректі фильм «Оскар» сыйлығын иеленіп, қашқын агенттің атын шығарған еді. Енді Сноуден жайында жеке фильмнің түсірілімі аяқталса, оның атағы жер жаратыны сөзсіз. Бүгінде Сноуден Ресейде паналауда. Дүниежүзіндегі ірі саясаткерлердің телфондағы сөзін жазып алып, АҚШ-тың құпия мәліметтерін көпшілікке жария еткені үшін оны Америка соты сыртынан 30 жылға бас бостандығынан айырған болатын.