Back

Чаплиннің «Оскары» қолды болды

Кино өнерінің негізін қалаушы Чарли Чаплиннің алғаш қол жеткізген «Оскар» сыйлығы қолды болды. Актердің бір миллион долларға бағаланған «Оскар» сыйлығы Париждегі Чаплин қауымдастығының кеңсесінен ұрланған.

«Оскар» сыйлығынан Чаплиннің 80 мың долларға бағаланған қаламы да қолды болғаны мәлім болып отыр. Құқық қорғау органдары қызметкерлері ұры бұл іске ұзақ уақыт дайындалғынын алға тартты. Өйткені ұры Чаплиннің заттарынан басқа заттарға тиіспеген. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Чарли Чаплин өмірінде «Оскар» сыйлығын екі рет, яғни, 1929 және 1972 жылдары қанжығасына байлағаны белгілі. Екі сыйлық та оған киноматография саласына сіңрген еңбегі үшін берілген-ді. Ол өмірінде жүзден астам фильм түсіріп, кино саласының дамуына ерекше үлес қосқан маман.