Cоңғы жаңалықтар
Back

Ернар Айдар есін жиды

Әнші Ернар Айдар есін жиды. Оның денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Бұл туралы әншінің директоры Жазира Еркін айтып берді деп хабарлайды Stan.kz.

“Жағдайы қазір бірқалыпты. Әлі де реанимацияда. Алматыдағы қалалық ауруханалардың бірінде жан сақтау бөлімінде жатыр. Құдайға шүкір, есін жиды. Дәрігерлер бірқалыпты деп жатыр. Бірақ сәуір айына жоспарланған жұмыстардың барлығын кейінге қалдыруға тырысамыз. Ернардың аяққа тұруын күтеміз.

Оған жақсы күтім керек, жақсылап қаралу керек. Жақын арада сахнаға шыға алмайды. Бастысы өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ”

– дейді Жазира Еркін.

Жазира Еркін Ернардың продюсері туралы да айта кетті.

“Продюсері де сол аурухананың палатасында жатыр. Ол кісінің де жағдайы, Құдайға шүкір, жаман емес”, – деп түйіндеді сөзін ол.

https://dalanews.kz/25776