Back
| DalaNews

Димаш қызыл кілемнің үстімен қалай жүріп өтті (видео)

Қытайда Top Chinese Music Awards сыйлығының марапаттау рәсімі басталды. Оған қатысып жатқан жерлесіміз Димаш Құдайберген қызыл кілемнің үстімен жүріп өтіп, журналистерге сұхбат берді.  Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Димаш аталған сыйлықтың “Азиядағы ең танымал әнші” аталымына ұсынылған. Оның нәтижесі санаулы уақыттан кейін белгілі болады.

Сұхбат барысында Димаш: “Қытай еліндегі болсын, шетелдегі көрермендерімді әрқашан да қуантуға асықпын. Барша көрермендерімнің алдына шығып, еркелеп ән айтуға әрқашан дайынмын”, – деді.