Back
| DalaNews

«Бөтен болып шыға келдік бір күнде». Әлімжановтың әйеліне арнаған өлеңі хит болды (аудио)

Нұрлан Әлімжанов орындайтын әндер легі тағы бір туындымен толықты. Бұл жолғы әннің атты «Қоштасайық» деп аталады.

Әнші бұл әнді үш баласының анасына арнағанын айтты. Бұл туралы талантты актер „Астана„ телеарнасының „Сырласу„ бағдарламасына қонаққа келген кезде мәлім етті.

«Бұл жаңа әнім елге әлі тарала қойған жоқ. Бірақ оны әлеуметтік желіде тыңдап, маған қолдау білдіріп, әнімді түсініп жатқандар көп. «Қоштасайық» әнінің өзіндік тарихы бар. Ол — менің өмірім», — деген әнші өзінің жеке өміріне, әйелі мен бала-шағасының өміріне ешкімнің араласпаса екен деген тілегін білдірді.

— «Қоштасайық» әнін жарыма арнадым. Ол балаларымның анасы, оған үлкен құрметпен қараймын, өзінің көзқарасы, принципі бар, жақсы жан. Балалардың бұл жерде еш қатысы жоқ.

Ажырасса балалармен ажыраспайды, өзінің жарымен ғана ажырасады. Осыны шатастырмаңыздар»

— деді ол.