Cоңғы жаңалықтар
Back

Джеки Чан кино саласына қосқан еңбегі үшін «Оскар» cыйлығын алды

Актер Джеки Чан сенбіде кинематографияға қосқан елеулі үлесі үшін «Оскар»  сыйлығын алды (Academy Honorary Award), деп хабарлайды ТАСС Америкалық кино өнері академиясының хабарламасына сілтеме жасап. Марапатты Лос-Анджелестегі (Калифорния штаты) Hollywood and Highland Center ойын-сауық кешенінде арнайы салтанатты кеште тапсырды. 

Бастапқыда бұлар «Оскар» сыйлығымен марапаттаудың негізгі рәсімі кезінде тапсырылып жүрген. Бірақ кейіннен  маңыздылығын ерекшелендіру үшін арнайы кеш өткізілді. «Оскар» сыйлыығын алған соң, бүкіл әлемге танымал шығыс жекпе-жегінің шебері өзінің кинематографиядағы ұзақ жылғы жемісті еңбегіне  қарамастан бұл марапатты күтпегендігін айтты. Академия Джеки Чаннан бөлек  америкалық режиссер-документалист Фредерик Вайсманға, кастинг-директор Линн Сталмастерге, сондай-ақ британдық әйел – монтаж жасаушы  Энн Коутсқа мүсіншелер табыстады. Forbes журналының деректері бойынша, 62 жастағы Джеки Чан әлемдегі ең жоғары жалақы табатын актерлердің рейтингінде екінші орында (61 млн доллар).

 

Дереккөзі: inform.kz