Cоңғы жаңалықтар
Back

«Малефисента 2» жарыққа шығады

Disney киностудиясы 2014 жылы көпшіліктің көзайымына айналған «Малефисента» ертегісінің жалғасын түсірмекші. Кинокомпания басшылары басты рольді тағы да Анджелина Джолидің ойнағанын қалап отыр.  

Жастардың көңілінен шыққан «Малефисента» фильмі 750 млн. доллар жинаған болатын. Disney басшылары екінші фильмнің сценарийін жазуды  кәнігі маман Линде Вулвертонға тапсырып қойыпты. Ол бұған дейін «Мулан», «Сұлу мен сұрқия», «Алиса қиял әлемінде» сынды көрерменнің көзайымына айналған кинотуындылардың сценарийін жазған болатын. Сондай-ақ, екінші фильмге продюсер болу ісі Джо Ротқа сеніп тапсырылуда. Ал жаңа туындыға кімнің режиссер болатыны әзірше білгісіз.

«Малефисента» фильмі «Оскар» сыйлығының ең үздік киім үлгісі аталымын жеңіп алған болатын. Сондықтан Disney компаниясы қоюшы-суретші Роберт Штромбергке тағы да сенім артып отыр.