Борейко мырза, утиль алым мәселесінде Смағұловты айналып өтпеңіз

Dalanews 08 жел. 2023 06:05 1160

Қазақстанның ақпарат кеңістігінде Вадим Борейко туралы түрлі әңгімелер айтылады. Сөз жоқ, ол еліміздегі білікті журналисттердің бірі. Қандайда бір лоббилік әрекеттерге қатысып, із жасыруда Вакеңе жететін адам жоқ. Әртүрлі басылымдарда түрлі қызмет атқарған Вадим Борейко бүгінде «Гиперборея» YouTube арнасы арқылы өзінің оң жамбасына келетін сарапшыларды шақырып, ақпарат кеңістігінде өз ойынын жүргізіп отыр.

Бүгінде Вакең YouTube арнасында тоқтамай қозғайтын бірнеше сүйікті тақырыптары бар.

Ең біріншісі утиль алым мәселесі. Ол бұл тақырыпты өзінің мүдделес сарапшысы кезінде Дариға Назарбаеваның жұбайы Қайрат Шәріпбаевтың оң қолы болған Санжар Боқаевпен жиі қаузайтынын бәріміз білеміз.

Екіншісі тақырып, Украинадағы соғыс, қазақтардың гуманитарлық қор құрып, ақша жинау және ол қордағы біраз ақшаның қолды болуына қатысты мәселені де Борейко жиі көтереді.

Ал соңғы үшінші тақырып – Қазақстанда АЭС салуға қатысты мәселе. Векең бұл тақырыпты сөз қылғанда АЭС салуды тоқтату мәселесін көтеріп, фактілерді манипуляциялайтын кездері болады. Яғни, Борейко АЭС-тің әңгіме қылғанда Қазақстанның Ресейге қосылуы турасындағы құлаққа кірмейтін гипетозаны езбелеп, халық арасында бейбіт атомнан қорқу сезімін қоздыруға құмар.

Вадим Борейко АЭС тақырыбын қозғағанда  сұхбатына АЭС салуды аса қолдамайтын – көпшілікке әңгімесі өтімді Мұхтар Жәкішевті пайдаланғанды жөн көреді. Сонымен қатар, арасында қазақ қоғамында «грант алушы» ретінде танымал сарапшы Димаш Әлжановқада жиі сөз береді.

Айтпақшы, Вакең утиль алым жайында сөз қылғанда елімізде көлік құрастыру, сату ісімен айналысып жүрген кәсіпкерлерді сықпырта сынып, ал бұл саладағы ірі ойыншы Нұрлан Смағұловты айналып өтетіні қызық.


Егер утиль алым мәселесімен танымал болған Санжар Боқаевқа Нұрлан Смағұлов жайында сұрақ қойса, Боқаев Смағұловқа қатысты біраз дүниенің қоясын ақтарып, әңгіме айтатына сенімдіміз.

Бірақ Вадим Борейконың бұл іске Смағұловты араластырығысы жоқ. Осыдан-ақ Борейконы утиль алымды сөз қылуы ойын екенін аңғаруға болады. Әйтпесе автоиндустриясын қалыптастыруда мемлекеттен өзгелермен бірдей субсидия алып отырған Смағұловты қалай айналып өтуге болады?

Сөз соңында әріптесіміз Вакеңе ақпараттық гигиенаны сақтай отырып, контент өндіруге кеңес береміз. Таяқты екі ұшы болатынын әркез жадынан шығармаса жақсы болар еді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар