Еуразиялық одақ. Қазақстан Ресейдің бастамасына қарсы шықты

Dalanews 28 қыр. 2023 05:00 1187

Еуразиялық одақтың Мәскеудегі Экономикалық кеңес комиссиясы дәрі-дәрмек, сусын мен гаджеттерді ортақ тәртіппен таңбалау турасында шешім қабылдап, одақ мүше елдер арасында еркін саудалауға талпынуда, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Еуразиялық одақтың әкесі Ресей Украинаға соғыс ашып, Батыс елдерінің қаржы-экономикалық санкциясына ұшырағалы бері Еуразиялық одақтан мәні кете бастағаны анық.

Бірақ экономикалық одақты саяси мақсатқа барынша пайдаланып қалуды көздейтін Ресей осындай мәселелерді көтеріп, комада жатқан Еуразиялық одақтың өмірін ұзартқысы келеді.

Еуразиялық одаққа мүше елдер Экономикалық кеңес комиссясы тауарларды таңбалауға қатысты мәселесін қолдап отырған жоқ.


Соғыс пен санкция кезінде тауарды таңбалау ісі одаққа мүше елдерді тығырыққа тіреуі мүмкін.

Тіпті, Еуразиялық одаққа мүше елдердің таңбалайтындай тауар да өндіріп жатпағаны анық. Айталық, дәрі-дәрмек пен гаджеттердің бәрі дерлігі Қытай мен Батыс елдерінен келетінін жұрттың бәрі біледі. Ал оны Еуаразиялық одаққа мүше елдер таңбалай алмайтыны белгілі.

Сол себепті Қазақстан бастаған одаққа мүше бірақатар елдер ресми Мәскеудің бұл ұсынысын қолдамады.

Осыдан кейін Экономикалық кеңес тауарларды таңбалау мәселесін одаққа мүше елдер өздері қалаған уақытта енгізе алатынын айтып, ұсынысты шалажансар күйінде қалдырды. Демек бұл да аяқсыз қалатын бастамалардың бірі болуы мүмкін.

Одаққа мүше елдер бірқатар елдер өздері өндіретін тауарларды таңбалауға қажеттілік жоқ екенін ашып айтты.

Айталық, Қазақстан сусындар мен ноутбук, смартфон сынды гаджеттерді таңбалауға қарсы екенін айтып, ұстанымын ашық білдірген. Өз кезегінде Қырғызстан да гаджеттерді таңбалауға қарсылық танытып, Қазақстанның ұстанымын қолдаған.


Ал Армения болса, дәрі-дәрмектерге Еуразиялық одақтың таңбасын басудан үзілді-кесілді бас тартты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар