Cоңғы жаңалықтар
Back

“Назарбаевтың үш қызына компромат бар”. Алдымен Әлияға қарсы іс қозғалады

РОП операторына қатысты бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаеваның үстінен іс қозғау туралы пікір алмасулар жүруде. Оның фабуласы, барлығы дайын. Тек нақты саяси сигнал керек, – деп хабарлайды Dala Inside.

Арнайы прокурорлар Әлия Назарбаеваға Қазақстаннан қашып кетіп, Дубайда құрықталған Шынар Мұхтарованың тергеуде келтірген дәйектері арқылы шыға алады.

РОП операторының халық пен мемлекеттен алған қаржысы талан-таражға салынғанда, оның негізгі пайдақоры Әлия Назарбаева болды деген күдік бар.

Негізі РОП ісін сот Назарбаевасыз жауып тастаған болатын. Бұрынғы экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов, “Оператор РОП” ЖШС-ні түрлі кезеңде басқарған Светлана Коротенко мен Медет Құмарғалиев 7 жылға сотталып кетті.

РОП ісі бойынша келтірілген шығынның жалпы сомасы 26,8 млрд теңгені құрады.

Ал ұсталған Шынар Мұхтарова, Светлана Коротенконың қатысуымен бюджеттің 920 миллион теңгесін жымқырды деген күдікке ілініп отыр. Мұхтарова өз кезегінде тергеу барысында сөйлей бастады. Dala Inside арнасына жеткен ақпарат бойныша, ол Әлияға қатысты тұстарында ерекше ашылып әңгіме айтқан…

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Аmаnаt» партиясының депутаты Ерлан Саиров арқылы Әлия Назарбаеваны соттау бойынша алғашқы қадам жасап үлгерді.

Депутат «РОП операторына» қатысты тұңғыш президенттің кенже қызы Әлия Назарбаевадан жауап алу қажет екенін мәлімдеген еді. Енді тергеу системасы ақырындап айнала бастайтын болады.

Әсілі, Назарбаевтың үш қызын да отырғызуға компромат толық жетеді. Тек ол “Жаңа Қазақстанға” керек пе, кланаралық соғыс ушығып кетпей ме деген сұрақ қана “Сол жағалаудың” батыл қимылдарын бөгеп тұр. Сол үшін бәрін бірдей асамай, бірінші Әлия арқылы дәмін татып көрмек.

Тағы оқыңыз:

Бақытжан Базарбек: «Өтірік әңгімеден шаршадық»

900 млн теңге субсидия алып, бір түп таңқурай екпеген