900 млн теңге тұтас бір облыстың ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне бағытталатын субсидиямен шамалас қаржы екенін байқаған шығарсыздар?
Ең қызығы осынша қомақты қаржының бір шаруашылыққа беріп, оны қадағаламаған Ауыл шаруашылығын басқарған экс-министр Ербол Қарашөкеевтің әрекетін қалай түсінуге болады.
Айтпақшы, бұл былықты су бетіне шығарған құқық қорғау органдарі істі тексере келе мемлекеттен 900 млн теңгесін субсидия ретінде алған шаруа қожалығы, жер жыртып, бір түп таңқурайда екпеген анықтапты.
Қарапайым шаруа қожалығы миллиардқа жуық субсидия алып, Үкіметті оп-оңай лақтырып кететін болса, азуы алты қарыс агро холдингтердің мемлекетті қалай тонайтынын көзге елестетудің өзі қиын.
Тергеу нәтижесі көрсеткендей, бұл істе сыбайласқан төрт адам екі жылда жүзеге асырғаны мәлім болды.
Сонда кезінде ҚР Ауыл шаруашылғын басқпрған Ербол Қарашөкеев пен Жамбыл облысын басқарған Нұржан Нұржігітов иектерінің астында не болып жатқанын білмеген дегенге кім сенеді. Ешкімде сенбесі анық.
Әйтеуір прокуртура қызметкерлері бұл істі үстіміздегі жылдың сәуір айынан бастап, мемлекеттің қаржысын майшелпекке айналдырған сыбайластардың үстінен қылмыстық іс қозғап, құны 1,9 млрд теңгеге бағаланған дүние-мүлкіне арест қойып үлгеріпті.
Осылайша миллирад теңгеге жуық субсидияны саусағының ұшын да қимылдатпастан сіңіріп кетуді ойлағандардың жолы болмады.