Cоңғы жаңалықтар
Back

Мемлекет ипотеканы кешіре бастауы мүмкін бе?..

«Мүмкін…» дейді экономист Расұл Рысмамбетов. Бұған аздан соң ораламыз, әзір алыстағы Америкаға сапар шегіп қайтайық.

АҚШ-та тұрғындармен тілдесіп, қоғамның аңысын аңдып отыратын әйгілі Gallup институты бар. Сол институт биыл ел ішінде «Федералды резерв жүйесіне (ФРЖ) және оның төрағасына қаншалықты сенесіз?» деген сауалнама жүргізді.

2001-2023 жылдың аралығында біздіңше Ұлттық банкті басқарған менеджерлерге баға берілді. Әр жылдары ФРЖ-ға жетекшілік еткен Гринспен, Бернанке, Йеллен және Пауелдің «сенім рейтингі» жасалды.

Америкалықтар инфляция төмендеген, жұмыссыздық азайған, бизнесті кредиттеу көбейген Клинтон-Гринспен дәуіріндегі 90-шы жылдарды сағынатынын айтқан. АҚШ-та ФРЖ саясаты мен халықтың әл-ауқаты тығыз байланысты.

Ал бізде мұндай сауалнама жүргізіле ме? Бір жарым жылға жуық Ұлттық банкті басқарған Ғалымжан Пірматов не бітірді? Оның “сенім рейтингі” қандай? Оның шешімдері халықтың көңіл-күйі мен әмиянына қалай әсер етті?

– Пірматовтың ауысуы логикаға сияды. Оның тұсында банктер тұтыну кредиттерін таратумен айналысып кетті. Бизнесті кредиттеу біржолата тоқтап қалды. Былайша айтқанда, банктер халықтың үстінен күн көрді.

Ескі Қазақстанның бірен-саран белсендісі зейнетақы шотындағы ақшаны баспанаға бағыттау дейтін идеяны ойлап тапты. Нарықтағы үй бағасы құтырып шыға келеді. Ұсыныс сұранысқа сай болмады. Құрылыс компанияларының тойымсыз, тамақсау басшылары әкім-қаралардың ұртын майлап, құрылысқа қажетті учаскілерді ондап, жүздеп сатып алды.

Үйдің іргесін көтермей жатып, саудаға шығарды. Араға алыптасарлар енді. Үй бағасы жалынан сипатпайтын жағдайға жетті, – дейді осы тұста экономист Расұл Рысмамбетов.

 

Ал нақты ипотеканы кешіруге қатысты маңызды ақпараты сілтемеден оқи аласыздар:

https://t.me/dalainside/1460