"Біздің аудитория орыстілді...". Kolesa Group тіл туралы талап қойған азаматты блоктап тастады

Dalanews 28 там. 2023 09:05 449

Жылда ІТ мамандардың басын қосып, жиын өткізетін Kolesa Group компаниясы дауға қалды. Компания шараның мемлекеттік тілдегі мәтінін әзірлемеген.

Әлемжелідегі қауым бұған жедел назар аударып, отырыстың тек ресми тілде өтеріне шағымданған деп хабарлайды Dalanews.kz.

Yerzjan J-n есімді желі қолданушысы Kolesa Conf-ты ұйымдастырушыларға осыған қатысты ескерту қойған. Ержан екі арадағы диалогты желіге жариялаған екен.

Ол конференцияның сайты түгелдей орысша екенін, шараға жауаптылар анонстің өзін тек ресми тілде әзірлегеніне қынжылыс білдірген.

Оның қазақ тіліне қатысты талабына ұйымдастырушы тарап: "Kolesa Conf орыс тілінде өтеді, елдегі ІТ-аудиторияның 90 пайызы орыстілді" деп жауап қатқан. Кейіннен "қолайсыз сұрақтар" қойған қолданушыны блоктап тастаған. Kolesa Group мұны "компанияға кибершабуыл жасалды" деп түсіндіріпті.

Екі арадағы диалогты електен өткізген Dalanews осынау шараға қазақтілді спикерлердің шақырту алмағанына назар аударды. 




"ІТ саладағы қазақтілді мамандарды бөліп-жару ақылға сия ма? Оларды өз тілінде пікір білдіруге мүмкіндік беретін алаңнан аластатып отыр. Kolesa-ның операторлары менің жанайқайыма құлақ аспай, кеудемнен кері итеруге тырысты. Олар Мухоряповтың қателігінен сабақ алмапты.


Бұл мәселеде үнсіз қалуға болмайды. Өрескел, сорақы жайтты желіге жарияладым. Оны ел-жұрт естіді. Топтағы қазақтілді "айтишниктер" ояна бастады. Kolesa менеджерлері біздің тілге қатысты шағымымызды өшіріп, жаппай бұғаттауға көшті", - дейді Ержан.



Ержан бастаған қазақтілді мамандар жаппай наразылық білдіргеннен кейін компания басшылығы анонсты жарым-жартылай қазақшалап,  жағдайды түсіндіруге тырысқан екен.

"Біз Қазақстан нарығына үлкен үлес қосып келеміз: пайдалы мақалалар жазып, кәсіби іс-шаралар өткіземіз, нарықты тек пайдалы материалдармен қамтамасыз ету үшін кәсіби тақырыптағы әр жарияланым мұқият тексеріледі. Компания бірінші болып қазақ тілінде авто және жылжымайтын мүлік нарығы туралы жоғары сапалы контент жасай бастады", – деп жазды компания өкілдері.

Сонымен қатар олар қазақ тіліндегі контенттің көбеюіне үлес қосып жатқанын айтқан. Қазақ тілінде кездесу өткізгілері келгенмен, талқылайтын тақырып таба алмапты.

Ал қазақтілді сегмент Kolesa-ға байқап жарияламақ. Оның барысын осы арадан бақылап отыруға болады:

https://t.me/dalainside/1451

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар