Back

Тоқаев тапсырмасы: жемқорлардан тәркіленген қаражат қайда жұмсалуда?

Бұған дейін президент Тоқаевтың тапсырмасына бойынша жемқорлардан тәркіленген қаражат жинақталатын Қор құрылған болатын.

Бүгінде осы ақшаға еліміздің бірқатар өңірінде, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 76 мың орынға шақталған (екі ауысымдық) 62 мектеп құрылысы қаржыландырылды деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жалпы Қор құрылған өткен жылдың желтоқсан айынан бері оның есепшотына 151,6 млрд теңге түскен.

Қордың қызметі мектептерді, қосалқы ғимараттарды және интернаттарды салу және қайта жаңғырту арқылы үш ауысымдық мектептер мен апатты оқу орындарының мәселелерін шешуге және жалпы білім беру мекемелеріндегі орын тапшылығын жоюға бағытталған.