Cоңғы жаңалықтар
Back

Әблязов араға кісі салып, Ақордаға хат жібермек

Мұхтар Әблязов араға кісі салып, Ақордаға хат жіберуді ойластыра бастады. АҚШ Сотының Әблязовтың БТА банкінен ақша жымқырғанын мойындауы оған ауыр тиіп отыр.

Маневр аясы тарыла бастады, әрі нағашы ағасы Қуаныш Нұрғазин Қазақстанға қайтып кетті де, құзырлы орындарға Әблязовтың қаржылық схемаларын жайып салуы мүмкін.

Осындай жағдайда, Мұхаң “Жаңа Қазақстанмен” өзіне тиімді шарттармен келіссөз жүргізіп көрмек. Оның көздегені: Қазақстанда қылмыстық айыптан толық ақталып, өз активтерінің өмірінің соңына дейін жететін келісілген бөлігін сақтап қалу.

Өз кезегінде, ол “Жаңа Қазақстанға” Назарбаевтың шетелдегі активтерін қайтаруға көмектеспек, әрі өзінің активтерімен бөлісетін болады.

“Жаңа Қазақстанға” оның хаты әлі келмеді. Бірақ Әблязов үшін үлкен проблема бар. Ол – Ресей. Ресейде Мұхаң қылмыскер болып саналады. Және оның аяғы қазақ топырағын басқан сәттен бастап, Ресей экстрадиция бойынша өтініш береді.

Ал мемлекетаралық келісім бойынша, Қазақстан Әблязовты Ресейге беруі тиіс.

Ұрының арты қуыс демекші, Әблязов енді қай қуысқа кірерін білмей отыр. Эквадор варианты бар. Егер оны таңдаса, Әблязов Латын Америкасына қоныс аударып, өмірінің соңғы жылдарын сол жақта өткізбек.

Тағы оқыңыз:

Ақтау мен қала маңындағы ауылдарда Freedom компаниялары тобының қолдауымен сумен қамтамасыз ету жақсарады