Cоңғы жаңалықтар
Back

Енді Солтүстікке көшкендер мемлекет ұсынған қаржыға өздері ұнатқан баспананы сатып алады

Халқы тығыз орналасқан оңтүстік облыстардан еңбек күші тапшы. Сол себепті алдағы уақытта солтүстік пен шығыс өңірлерге 8600 адам көшірілмек.

Оның 2800-і Қызылжар өңірінде қоныстандырылады деп күтілуде.  Жыл басынан бері теріскейге 260 отбасы табан тіреген.

Биылдан бастап, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында әр отбасына баспана сатып алу мақсатында 4 млн теңге көлемінде ұтқырлық сертификаты табысталады.

Яғни, бұған дейін азаматтар жергілікті әкімдіктер ұсынған баспаналарда тұрса, енді өздері таңдап алады.

Жауапты органдар өңірге келушілерді қарсы алуға дайын. Солтүтік Қазақстанда 5 мың жұмыс орны бос тұр. Әсіресе білім беру, ауыл шаруашылығы, құрылыс және денсаулық сақтау саласында маман тапшы.

 

Тағы оқыңыз:

“Жұрттың бәрі Жәкішев емес”. ҚазАтомӨндірістің “токсичный” активтерден тазарғаны кімге керек?

Түркістанда «Елім-ай» дастанына 300 жыл толуына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті