Алматыда көру қабілеті бұзылған балалар арасында шоудауннан Қазақстандағы алғашқы турнир өтеді

Dalanews 02 мау. 2023 13:09 248

2023 жылдың 3-4 маусымында Алматыда көру қабілеті бұзылған балалар арасында шоудаун бойынша Қазақстандағы алғашқы турнир өтеді.

Шоудаун – Қазақстан үшін жаңа спорт түрі, ол көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған үстел теннисі болып табылады және арнайы жабдықтар: дыбыстық шарлар, қорғаныш қолғаптар, көз маскаларын пайдалануды талап етеді.



Турнирге Астана, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Ақтау және Өскемен командалары қатысады. Іс-шараға жалпы саны 20 бала қатысады.

Турнирді AZIMUT-LUX компаниясының қолдауымен «Дара» қайырымдылық қоры ұйымдастырды.


Турнирдің өтетін орны мен уақыты: Алматы қаласының № 4 арнайы мектеп-интернаты, Ладыгин көшесі, 33. Басталуы 3-маусым сағат 10.00-де.

Аккредиттеу және
қосымша ақпарат үшін
байланыс номері:


+7701 619 4229
dak504@mail.ru
Әлия, «Дара» қайырымдылық қорының
PR-менеджері


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x