Антикор "кедергі жасамағанда" бір швабраны 1,9 млн теңге сатып алмақ болған

Dalanews 22 мам. 2023 04:59 325

Шығыс Қазақстан облысының Антикоры Семей медицина университетінің Өскемендегі филиалы мемлекеттік сатып алу жүйесі арқылы өздеріне қажетті матрац пен еден жуатын таяқты (швабра) миллион теңгеге сатып алуына тосқауыл қойды, – деп хабарлайды Жемқорлықты зерттеу қоры-бюросы.

Оқу орны бір швабраны сатып алуға 1,9 млн теңге, ал матрацтың 1 жинағын сатып алуға 1,2 млн теңге жұмсамаққа болған. Осылайша бұл іске Антикор араласпағанда Семей медицина университеті нарықта құны 25 мың теңге тұратын швабраға миллиондаған теңге жұмсай жаздаған. Ал матрацтың бағасын 130 мың теңге тұратыны белгілі.

Бұл іске Антикор араласқаннан кейін оқу орынның мемлекеттік сатып алу жоспарларына түзету енгізіп, 3 миллион теңгеге жуық қаражат үнемдеген.  Алдағы уақытта үнемделген қаражатқа басқада тауарларды сатып алынбақ.


Ведомствоның ұсынысы бойынша 2022 жылы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сатып алуды нақтылап, бюджетті 425 миллион теңгеге үнемдегені, ал биылғы жылдың басынан бері 205 миллион теңгенің үнемделіпті.

Бұған дейін Ұлттық статистика комитеті бір қаламсапты сатып алу үшін 3 862 678 теңге жұмсай жаздағаны есімізде. Ал оның алдында Павлодардағы бір балабақша бір литр йогурт 180 мың теңгеден йогурт сатып алуға әрекеттенгенде, бұл іске Антикор араласып, мемлекеттің 405,6 млн теңгесі ұстағанның қолында, тістегеннің ауызында кетуіне жол берілмеген.

Айтпақшы


СІМ басшысы Мұрат Нұртілеудің Брюссель сапары сәтті болды. Нұртілеу «санкция Қазақстанды да қамтиды» деген қауіптің алдын алған. Толығырақ осы тұста: t.me/dalainside/1325

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x