Нұртілеудің Брюссель сапары сәтті өтті

Dalanews 18 мам. 2023 05:33 284

Еуроодақтың аға дипломаты Жозеп Бөрелмен жүздескен Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Жаңа Қазақстанның санкцияны айналып өтуге жол бермейтінін, әлгіндей әңгіме шыққалы шекараны тарс жапқанын, бұдан былай Ресейге тасымалданатын кір жуғыштардың саны күрт төмендерін айтып, өз  атынан кепілдік берген.

Кір жуғыштарды тілге тиек еткеніміз тегін емес. Соғысқа дейін: 2021 жылы Қазақстаннан Ресейге бірде-бір  «стиралкі» жөнелтілмеген. Былтыр бұл көрсеткіш 100 мыңнан асып жығылған!

Мұны Бөрел мырза білмейді емес, біледі. Нұртілеумен ауыр әңгіме өрбіткен Батыс дипломаты санкцияның 11-ші пакеті Қазақстанды да шарпып өтуі мүмкін деген қаупін жеткізген.

Брюсселдің эмбаргасын айналып өтуге «атсалысып» келгенімізді растайтын айғақ барын айтқан.

Нұртілеудің Брюссель сапары Бөрелмен ғана шектелген жоқ. Қазақ дипломаты Батыстағы басқа да беделді тұлғалармен жабық есік жағдайында жүздесіп, Тоқаевтың тұсындағы оң өзгерістер туралы есеп берген.


Ақорданың Украинаның аумақтық тұтастығына құрметпен қарайтынын кезекті рет еске салған.

Біздің де "көзіріміз" бар. Ол қазба байлық. Қытай мен Ресейден қол үзген Еуроодақ Қазақстанның қойнауындағы 30 түрлі құнды шикізаттың Батыс нарығына тасымалдануына мүдделі.

Соның ішінде: бериллий, тантал, ниобий секілді аэроғарыш, электроника өндірісіне ауадай қажет сирек металдар бар.

Нұртілеу мен Батыс дипломаттары Еуроодақ өкілдері мен Қазақстан билігінің арасында жедел ақпарат алмасатын байланыс каналын құруға уағдаласқан. СІМ басшысы Батыс санкциялары енді енді еңсе тіктей бастаған елді есеңгіретіп кетерін ескерткен.

Ресейдің түбіне жететін 11 пакеттің қарсаңында Брюсселдегі бюрократтармен тіл табысып қайтқан Нұртілеу «осы жолғы санкция Қазақстанды да қамтиды» деген қауіптің алдын алғандай.


Ал, Мәскеу ше?

Ресейде: "Астана Батыстың лагеріне өтті..." деген пікір белең алып тұр. СІМ басшының сапарынан кейін бұған біржола бекіген Кремль алдағы уақытта "Қазақстанды сабасына түсіру" операциясын қолға алмақ.

"Ресейден алшақтаудың соңы санкцияға қарағанда әлдеқайда ауыр зардапқа алып келерін ескертеміз. Батыс Орта Азияға тұмсық тығуын доғармаса контршара қабылдауға тура келеді», – дейді осы тұста Лавровтың орынбасары Михаил Галузин.

Контршара? Демек, бізді провокацияның жаңа порциясы күтіп тұр.

 

❗️  Айтпақшы, «Росатомының» еліміздегі уранға бай кеніштерді қалай иеленіп алғанын төмендегі сілтемеге өтіп біле жүріңіз. Жәкішев болғанда мұны біріде болмас еді, өкінішті.

Сілтеме: https://t.me/dalainside/1324

 

https://dalanews.kz/news/89487-adiletti-qogam-formulasy

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x