«Жас қанат-2023» конкурсанттары белгілі болды

Dalanews 11 мам. 2023 06:56 297

«Жас қанат-2023» жас орындаушылар байқауына дайындық қызу жүріп жатыр. Қазір оған қатысушылардың есімдері белгілі болды. «Ән рингінде» өз облыстарының намысын қорғайтын талантты жастар анықталған.

«Жас қанат» байқауы 3 жылдық үзілістен кейін Алматыға қайтып отыр. Тек, өкінішке орай, еліміздің бұл ірі мәдени шарасы оның негізін қалаған Мұрат Ерғалиев пен Александр Пономаревсіз өтпек. Бірақ байқау ұйымдастырушылары «Жас Қанат-2023» өз атына лайық өтуі үшін барын салмақ.



«Жас қанат» ел тәуелсіздігінің құрдасы. Байқау елмен бірге қиыншылық пен сәттілікті, жеңіс пен жеңілісті де көріп шықты. Тәуелсіз мемлекетпен бірге өсті, өркендеді. Бүгіндері халықты өз шығармашылығымен қуантып жүрген жұлдыздар осы байқаудың арқасында үлкен сахнаға жолдама алған еді. Олардың ішінде – Медеу Арынбаев, Ерлан Көкеев, Нұрлан Абдуллин, «Үркер» тобы, Бақыт Шадаева, Жанар Дұғалова, Мәдина Сәдуақасова, Құрмаш Маханов, Сәкен Майғазиев, Гауһар Қаспақова, Алтынай Жорабаева, Жанна Орынбасарова, Нұрлан Албан, Бейбіт Қорған, Гүлнұр Оразымбетов сынды өнер саңлақтары бар.

2012 жылы жас әнші Димаш Құдайберген осы байқаудың бірінші жүлдесінің лауреаты атанған болатын. Артынан қазақ халқының мақтанышына айналған Димаштың әкесі Қанат Айтбаев ұлының бүгінгі жетістіктерінде «Жас қанат» байқауының үлесі бар екенін ерекше атап өткен.  


«Жас қанат-2023» байқауы 29 мамыр мен 3 маусым аралығында Республика сарайында өтеді. Жас таланттар мен әсерлі музыка әлемі қиысқан сиқырлы мерекеге дайындық қызу жүріп жатыр. Ұйымдастырушылар штаб-пәтерінде бірінен-бірі асып түсетін небір идеялар дүниеге келуде.



Енді, биылғы конкурс қатысушыларымен танысайық:

1. АРУЖАН БИСЕМБАЙ, 20 жас, Орал

2. НАРҒЫЗ ЖАНҰЗАҚОВА, 17 жас, Ақтөбе

3. ДИАС ЖОРАБЕК, 19 жас, Алматы

4. АЛИНА САҒЫНБАЕВА, 16 жас, Астана

5. НАРИМАН ЖОЛДАСБЕКОВ, 27 жас, Петропавл

6. АЛМАГҮЛ БАТТАЛИЕВА, 23 жас, Алматы

7. НҰРАСЫЛ САТЫБАЛДЫ, 23 жас, Шымкент

8. МӘДИНА ҚАБДОЛЛА, 20 жас, Павлодар

9. САФУАН КӨРЕГЕНОВ, 26 жас,  Қызылорда

10. ЕРАСЫЛ МҰҚАНОВ, 18 жас, Астана

11. ДИЛЬНАЗ САПАРҒАЛИЕВА, 20 жас, Астана

12. ЕРАСЫЛ ИНІБЕК, 25 жас, Үшарал

13. ЖАНЕЛЬ АТАМБЕКОВА, 16 жас, Сарыағаш

14. ҚЫМБАТ ЖАМБЫЛБЕК, 23 жас, Жамбыл

15. ЕРНАЗАР ЖҰБАН, 27 жас, Алматы

16. ӘСЕМ ЕДІГЕ, 27 жас, Қарағанды

17. АБАЙ ҚЫРЫҚБАЕВ, 18 жас, Қарағанды

18. КАМИЛЛА РАМАЗАНОВА, 18 жас, Қарағанды

19. БЕНАЗИР ӘЛІМХОДЖАЕВА, 23 жас, Алматы

20. АЛЕКСАНДРА ТУРЕЦКАЯ, 22 жас, Астана

Енді аз уақыттан кейін конкурсанттар Оңтүстік астанамыздың аға сахнасында бас қосып, өнерлерін ортаға салып, көрермендер мен жанкүйерлеріне ән мерекесін сыйламақ.

Dalanews.kz, "Қала мен Дала" газеті, DALA INSIDE телеграм арнасы - «Жас қанат - 2023» байқауының ресми ақпараттық серіктесі! Бізден жаңалық күтіңіздер!

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x